È

Баян Алагөзова KeshYou жайлы фильм түсіруді жоспарлауда

Баян Алагөзова KeshYou жайлы фильм түсіруді жоспарлауда

Баян Алагөзова «Сиситай» мюзиклін әлі экранға шығармаса да, жаңа фильм жайлы ойлануда. Продюсер танымал KeshYou герлз-бенді жайлы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Ол бұл туралы «31 арнадағы» «Айта берсін» бағдарламасында хабарлады.

«Екі немесе үш жыл бұрын КешYou туралы фильм түсіргім келді. Әзірге фильмге түсуге кімді шақыратынымды білмеймін. Фильм жақын арада түсіріледі деп ойлаймын. Бұл музыкалық фильм болады, себебі КешYou көптеген хит әндерді орындады. Топтың тарихы ауқымды және онда көптеген нюанстар бар. Сахна сыртындағы көп жайттарды осы фильмде айтқым келеді. Расымен де, бұл тағы да бір жарылыс болмақ», - деді бағдарламада Баян Мақсатқызы.

 

KeshYou тобы
KeshYou тобы

Сондай-ақ, продюсер картинаға топтың экс-мүшесі Ақбота-Нұр Сейтмағамбет пен Жұлдыз Өмірғалидың міндетті түрде түсетінін атап өтті.

Баян Алагөзованың жаңа кино жобасы қалай аталатыны және режиссер орындығына кімнің жайғасатыны әзірге белгісіз.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Асель Амангелдина

23 февраля 2018, 01:53

Хочу быть актрисой!

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер