È

Баян Есентаева Қарағандыдағы жанкүйерлерімен кездесу өткізбек

Баян Есентаева Қарағандыдағы жанкүйерлерімен кездесу өткізбек

Баян Есентаева «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының тұсаукесер турын Қазақстан бойынша әлі де жалғастыруда. Продюсер 8 қазан күні Қарағанды тұрғындарымен кездесу өткізбек. Есентаеваның жанкүйерлері продюсермен суретке түсіп, қолтаңба ала алады және қызықтырған сұрақтарына жауап табатын болады.

«Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабы – продюсер естеліктерінің жинағы. Отандасымыз естеліктер кітабында өзі туралы, отбасы мен өмірі және Бақытбек Есентаевпен некесі жайында барынша шынайы айтып беруге тырысқан.

«Бақытбек маған киноға түсуге қатаң тыйым салған еді, ол мені қатты қызғанатын. Оның үстіне, бұл тақырыпты жылы жауып қойған соң, мені ешкім киноға түсуге шақырмады. Сонымен қатар, бұрынғы күйеуім өткен өміріме қатысты дүниелердің барлығынан қызғанды. Кімнің айтқанын білмеймін, бірақ өзге біреулер Бақытбекке мен туралы: «Ол сенімен бақытты бола алмайды. Ол қылыш сяяқты – басқа жағын ұстасаң, қолыңды тіліп аласың»,-деген екен. Әрине, бұл да оның көңіл-күйіне әсер етпей қоймады. Өзінің қызғаншақтығының арқасында мені жынды күйге түсіретін...»,-деп жазылған кітапта.

«Баян. Өзім жайлы ғана емес» қолжазбасы кітап сөрелерінде ағымдағы жылдың шілде айында пайда болған еді. Автор басылымның жарыққа шығуы үшін 4 айдай уақыт еңбек еткен.

Кездесу «Таир» сауда орталығында өтеді. Шараның басталуы сағат 17:00-де.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Жаскайрат Каржаубаев

3 қазан 2017, 21:25

сколько можно про неё писать хватит уже не только читать видить её не могу.

Светлана

4 қазан 2017, 13:38

Как же она достала. Врет на каждом шагу. Только пиариться может. Нет ни совести ни достоинства. Кто она такая вообще, чтобы про нее писать каждый раз. Что она сделала для Казахстана? Действительно ни читать про нее, ни тем более видеть ее давно уже противно. Просто тошнит от ее вида.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер