È

Бека Елеусізов: «Балалармен жұмыс істеу қиын»

Бека Елеусізов: «Балалармен жұмыс істеу қиын»

Қырғызстан режиссері Руслан Акун Алматы облысының көркем жерінде «Ауыл КЭМП» комедиясын түсірді. Фильм Astana Film Fund қолдауымен құрылды.

Сюжетте қалалық балаларға арнап, ауылдың өмірі мен дәстүріне қанық бола алатын этно-лагерь ашуды ұйғарған үш дос бейнеленеді. Жұмыс барысында кейіпкерлер қиындықтарға тап болып, жайсыз жағдайларға кезігеді.

Фильмдегі басты рөлдерді Еламан Есентаев («Бақсы дуасы»), блогер Бека Елеусізов, Мейірғат Амангелдин («Қазақ хандығы») сомдады.

Еламана Есентаевтың айтуынша, комедия авторлары оны кастингке шақырған:

«Маған хабарласып, рөл ұсынды. Фильмге Руслан Акун режиссерлік етіп жатқанын ести сала, бірден келісімімді бердім. Кейін бейнесынама болды, осылайша рөлге бекітілдім. Мен сомдайтын Дастан есімді жігіт «Бақсы дуасындағы» кейіпкерге мүлдем ұқсамайды, ол ақымақтау және қазақ тілінде акцентпен сөйлейді».

Бека Елеусізов бұл оның дебютті рөл екенін және осыншалықты қиындықтарды күтпегенін айта кетті:

«Мен Руслан Акунмен жұмыс істегеніме қуанамын. Түсірілім барысында балалармен жұмыс істеудің қаншалықты қиын екенін түсіндім. Олармен балаша сөйлесіп, көп көңіл бөлу қажет», - деп қоса кетті актер.

Сценаристер Бақыт Осмонқанов, Жеңіш Майрамбекуулу және Әлішер Утев болды. Картинаға Эрнар Құрмашев пен Нұрбек Айбашев продюсерлік етті.

«Ауыл КЭМП» шытырман оқиғалы комедияны көрермендер келесі жылдың қыс мезгілінде бағалайтын болады.

Еске салсақ, биылғы қазанда Руслан Акунның «Мықтылар уақыты» фильмі айналымға шыққан болатын, картинадағы басты рөлді актер Асылхан Төлепов сомдады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер