È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан киносы
  • Руслан Акун «Мықтылар уақыты» фильмін таныстырды

Руслан Акун «Мықтылар уақыты» фильмін таныстырды

  • 19 Қыркүйек, 2018
  • BrodKaz
  • 1 511
  • 0
Руслан Акун «Мықтылар уақыты» фильмін таныстырды

Алматыда Kinoplexx Saryarka кинотеатрында «Мықтылар уақыты» спорт драмасының тұсауы кесілді. Картинаны қалың көпшілікке режиссер Руслан Акун, продюсер Нұрбек Айбашов және басты рөлдерді сомдаған Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова таныстырды. Таспа кинотеатрлардан 20 қыркүйектен бастап көрсетіледі.

«Мықтылар уақыты» фильмі көкпар спорттық ойынына арналған. Сюжетте «Жалын» тобының бұрынғы капитаны Мақсат туралы баяндалады. Шешуші жарыста жеңіліс тапқан жігіт топтан кетеді. Кіші отанына оралған ол жағымсыз хабарды естиді. Ауылдастары мен отбасын ауылдан қууы мүмкін. Тұрғындардың мәселесін шешу үшін қомақты қаражат қажет. Мақсат батыл жігіттерден топ жасақтап, көкпар турниріне қатысуды ұйғарады. Ақшалай бас жүлде – туған ауылын құтқаратын жалғыз жол.

«Мықтылар уақыты» фильмінен көрініс
«Мықтылар уақыты» фильмінен көрініс

Режиссер Руслан Акунның айтуынша, фильм көлемі мен техникалық жағынан бұрынғы жұмыстарынан өзгерек екен.

«Көкпар ойыны туралы түсіру идеясы бұрын туындаған. Мұндай фильмді техникалық жағынан түсіру қиын болғандықтан, кейінге қалдыра бердік. Алдыңғы жобалардан тәжірибе жинап болған соң, тәуекелге бел буып, осы идеяны жүзеге асыруды ұйғардым. Әрине, қиын болды. Бірақ, топ аянбай еңбек етті. Актерлармен жолымыз болды. Кастинг бірнеше кезеңнен тұрды. Жалпы, үш мың адамды қарастырдық. Асылханмен жеке танысқан соң, оның Мақсат екенін түсіндім. Бізге ер тоқымда отыра алатын, физикалық дене бітімі қалыптасқан ойнамалы актер қажет еді. Біз барынша ойын сәтіне берілуге тырыстық, көрермен залдан өзі көкпар ойнағандай күйде шықса екен дедік», - деді Руслан Акун.

Экшн мен ат трюктері элементтерінен құралған картинаның түсірілімі Ыстық көл жағасында орналасқан Шолпан ата курорт қаласында өтті. Авторлар бір жылдай түсірілімге дайындалған, ал түсірілім барысы бір айдан аса уақытқа созылды.

«Мықтылар уақыты» фильмінен көрініс
«Мықтылар уақыты» фильмінен көрініс

Авторлар фильмде компьютерлі графикада бас тартқан. Қиын ат трюктері мен экшн көріністерді Nomad Stunts каскадерлік тобы, Қырғызстан каскадерлар гильдиясы және Қараой ауылындағы көкпар тобы қойып, орындады.

«Мықтылар уақыты» спорт драмасы Қазақстан мен Қырғызстанда ғана емес, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Ресейдің кей аймақтарында да айналымға шығады деп жоспарланып отыр.

«Мықтылар уақыты» фильмінің трейлерін мына жерден көруге болады.

  • 19 Қыркүйек, 2018
  • BrodKaz
  • 1 511
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Казахстанское кино

25 Мамыр, 2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды «ГОК» фильмі толыққанды прокатқа шықты

В кинотеатрах с 25 мая

Brod.kz

Казахстанское кино

31 Тамыз, 2022

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

Ұлттық конкурс

Brod.kz

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама