È

Бүркіт: «Халық комедияны қалайды»

Бүркіт: «Халық комедияны қалайды»

Алматыда «Тілек тіле» жұмыс атауы бар экшн-комедияның түсірілімі қызу жүріп жатыр. Фильмді әнші, қазіргі жас қоюшы-режиссер Айбек Жансейітов (Бүркіт) түсіруде. Әртіс үшін бұл 2017 жылдың желтоқсанында жарыққа шыққан «Апан» триллерінен кейінгі екінші толықметражды жоба. Бүркіт неліктен комедия жанрын таңдағанын және көрермендерді не күтетінін «Бродвей» кинопорталының оқырмандарына айтып берді.

«Біздің дебютті жобамыз триллер болды, осы жанрда түсіруді жалғастыратын ба едік. Халық комедияны қалағандықтан, екінші фильмді экшн элементтері бар комедия түсіреміз деп ұйғардық. Картинада қашу да, атыс та болады. Бірден айтайын, бұл кино той туралы немесе махаббаттан қайғырып жүрген қыз бен жігіт жайлы емес. Бұл өз өмірін өзгерткісі келетін бойжеткен жайлы ертегі іспеттес болады», - деді фильм туралы Айбек Жансейітов.

Кинотаспаның идея авторы әрі режиссері әртістің өзі болады. Бұл жолы ол сценарийді Әуез Әуезовке («Қазақша кәсіп Америкада») тапсырды. Фильм өндірісіне қоюшы-оператор Олжас Ибраев және режиссер ретінде Артем Ганцев атсалысады.

Экшн-комедия кейіпкерлерін Асылбек Мұсабеков, Кентал, Айым Сейтметова, Бауыржан Сатов және Әбунасыр Серіков сомдайды. Сонымен қатар, фильмге Аишамен бірге Бүркіттің өзі, Саят Исембаев пен Нұрлан Қоянбаев түседі.

«Актерларды жылдам таптық. Кастинг-директорға тек ойнамалы актерларды таңдауды тапсырдым. Журналистер «Апан» фильмінің актерлік құрамы туралы жазғандай Инстаграмнан емес, кино мен түсірілімдерде тәжірибесі мол жігіттерді таңдадық. Тек жас әнші Индира Еділбаева ғана ерекшеленеді. Ол басты кейіпкердің рөлін сомдайды. Оған Ольга Ландина кеңес беріп, бірге жұмыс істеп жатыр. Жалпы, түсірілім алаңында кино түсіріп жүргендер еңбектенуде. Барлығымыз сапалы өнімді көрсету үшін талмай еңбектеніп жатырмыз», - деп қоса кетті режиссер.

Кейбір көріністер Дубайда түсірілмек, ол жаққа түсірілім тобы жақын арада барады.

Толықметражды таспаның өндірісімен Otan film кинокомпаниясы айналысады. Авторлар түсірілімді 20 маусымда аяқтауды көздеп отыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист