È

Бүркіт «Апан» дебютті фильмін таныстырды

Бүркіт «Апан» дебютті фильмін таныстырды

2017 жылдың күзі отандық «Апан» триллерінің тұсаукесерімен аяқталды. Кинотаспа отандастарымыздың арасында Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітовтің режиссерлік дебюті болды.

«Апандағы» оқиға қала сыртындағы бір үйде болады, ол жаққа арнайы демалу үшін қыздар мен жігіттерден құралған бір топ келген. Алайда, кейіпкерлер демалыс пен көңіл-көтерудің орнына қауіпті бір жағдайға тап болады.

«Фильм сюжеті мен кейіпкерлердің барлығы ойдан шығарылған. Картина идеясы Мальдив аралында туындаған. Әли Жансейіт екеуіміз сценарийдің соңғы нұсқасын жаздық. Негізі, фильмімізде бір тәрбиелік мақсат бар. Бұл көңіл-көтеретін кино. Бірақ, біз өмірде көкіректерін керіп, мықты екендерін мақтанып айтатын, бірақ қиын сәттерде сынып қалатын заманауи жастарды көрсеткіміз келді. Әрине, фильмнің барлығына ұнамайтынын білемін. Барлығына бірдей жағу мүмкін емес»,-дейді картинаның қоюшы-режиссері Айбек Жансейітов.

Фото: kinopark.kz

Картина кейіпкерлерін Бауыржан Сатов, Әлия Байбосынова, Жан Байжанбаев, Марат Абай-Ділда, Ақылжан Мақашев және Инстаграм жұлдыздары Айым Алтынбекова мен Айлин Елеукенова сомдады.

Авторлардың айтуынша, қашу, атыс және күрес секілді көріністер көрермендерге қызықты болатын сияқты. Фильм түсірілімі Александр Терехов жетекшілігіндегі каскадерлар тобының қатысуымен Бурабайда өткен.

Жан Байжанбаев және Айбек Жансейітов. Фото: kinopark.kz

«Айбек киноға түсуге шақырғанда: «Тағы да бір әнші фильм түсіруді ұйғарыпты ғой» деп ойладым. Бірақ, білесіздер ме, мен Айбектің кәсібилігіне таң қалдым, оның актерлармен жұмыс істеуі, суретті көруі басқаша. Кино саласында 40 жылдық тәжірибесі бар адам ретінде, Айбектің бойында режиссерге тән барлық қасиеттің барын сенімді түрде айта аламын. Айбекті және жастарды алғашқы картиналарымен құттықтаймын»,-деді Жан Байжанбаев.

Таспаның музыкалық әрлеуімен симфониялық оркестр және композиторлар Айбек Жансейітов пен Павел Ли айналысты.

Еске салсақ, «Апан» фильмі айналымға шықты. Көрсетілім кестесін афишадан көруге болады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 01:57

Беркут как всегда любит внимание, он же это умеет

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер