«Апан» фильмінің ресми постері
Бүркіттің «Апан» дебютті фильмінің ресми постері жарыққа шықты. Картина отандық айналымға 2017 жылдың 30 қарашасында шықпақ. Фильм дистрибьюторы - «Меломан» компаниясы.
«Апан» картинасы демалыстарын қала сыртында өткізуді жөн санаған достар жайында баяндайды. Шулы топ қылмыстық қастандықтың құрбандарына айналатындарын сезбей ді-ау.
Таспа кейіпкерлерін жас актерлар Бауыржан Сатов, Айым Алтынбекова, Айлин Елеукенова және Әлия Байбосынова сомдады. Сонымен қатар, фильмге Жан Байжанбаев пен Марат Абай-Ділдә түскен.
.png)
Триллер әнші Бүркіттің (Айбек Жансейітов) алғашқы режиссерлік әрі продюсерлік жобасы болды. Әнші L’Officiel Hommes сайтына берген сұхбатында фильм бюджетін айтып өтті, яғни түсірілмге 200 мың доллар жұмсалған.
«Апан» Бурабай демалыс орнының аймағында түсірілген. Түсірілім барысы ағымдағы жылдың мамырынан маусымына дейін жалғасты. Картинамен 60 адамнан тұратын топ айналысты.
Фильм трейлерін мына жерден көруге болады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін