È

«Апан» триллерінің саундтрегі

«Апан» триллерінің саундтрегі

Әнші Айбек Жансейітов (сахналық есімі – Бүркіт) «Апан» дебютті фильмінің ресми саундтрегін таныстырды. Картинаның музыкалық сүйемелдеуі «Сағыныш» лирикалық шығармасы болды, туындыны Қанат Сыбанов орындады. Әннің сөздерін Мархаба Сәби, музыкасын Назарбек Оразбеков жазды.

«Апан» фильмі – әнші Бүркіттің триллер жанрында түсірілген алғашқы режиссерлік жұмысы. Кинотаспаның кейіпкерлері демалыс орнына аттанады. Олар бір қонақ үйге орналасып, керемет демалыстан үмітті болады. Алайда, сол күні кешке үйге белгісіз екеу кіріп келіп, барлық тұрғындарды тұтқынға алады. Олар кімдер, шақырылмаған қонақтардың мақсаты не, барлығын көрермендер 30 қараша күні көре алады.

«Сағыныш» бейнебаянынан көрініс

Картина кейіпкерлерін жас актерлар: Айлин Елеукенова, Бауыржан Сатов, Айым Алтынбекова, Айя Сәдуақасова және Айдар Жансейітов сомдады. Сондай-ақ, триллерге Жан Байжанбаев түсті.

Фильм түсіріліміне екінші режиссер Артем Ганцев, қоюшы-оператор Әубәкір Сүлеев және қоюшы-суретші Александр Ророкин атсалысты. Жобаның бас продюсері - Ержан Атамқұлов.

Айта кету керек, сценарийін Бүркіт пен Әли Жансейіт жазған.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер