È

Бизнес по-казахски фильмінің түсірілімі

Бизнес по-казахски фильмінің түсірілімі

Алматыда «Бизнес по-казахски» деп аталатын толықметражды картинаның түсірілімі өтуде. Комедияның бас продюсеры және басты рөлдегі вктеры үлкен кинодағы дебютант Нұрлан Қоянбаев. Сондай-ақ қоюшы-режиссер Жеңісхан Момышев та толық метрде бағын сынап көреді.

«Бұл фильмге біз ұзақ дайындалдық: біресе уақыт жетпеді, батылымыз жетпеді. Біз әзілді өзімізше көреміз, сондықтан толық метр түсіруді қолға алдық. Бізде екі фильм бар, ең алдымен «Бизнес по-казахски фильмін түсіруді ұйғардық», - дейді Нұрлан.

Бас продюсердің айтуынша, сюжет көрерменнің менталитетіне негізделді, фильмнің атауынан да біраз нәрсе байқауға болады. Соңғы 25 жылда Қазақстан батыстың бизнесті жүргізу жүесін аздап үйренді, дегенмен қазақстандықтардың бизнесті басқаруда өзіндік ерекшеліктері бар.

«Фильмде біз кәсіпкерлерді көрсетеміз. Мұнда туысқандық қарым-қатынас туралы айтылады, кез келген компанияда туыстар жұмыс істейді. Біздің картинамызға тура осы туыстар керек. Лентаның концепциясы мынандай: Батыста адам адамға қасқыр, Қазақстанда адам адамға туыс. Қиын жағдайда жақының көмектеседі», - дейді фильм туралы Қоянбаев.

«Бизнес по-казахски» фильмінің сценарийін писали Әлішер Утев, Нұрлан Қоянбаев, Арыстан Каунев жазды, Жәмит Көшербаев көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, фильм прокатқа күзде шығады. Картинада Гүлназ Жоланова, Жан Байжанбаев, Әбунасыр Серіков, Тореғали Тореәлі және басқалар ойнайды.

 

Тақырып бойынша:

Женисхан Момышев покажет, как строится бизнес по-казахски

Фоторепортаж «Бизнес по-казахски»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер