È

«Орындалмайтын тапсырма. Салдары» атыс-шабыс фильмі қазақстандық айналым үздігі атанды

26-29 шілде аралығындағы кассалық жинақ

Алдыңғы апта «Орындалмайтын тапсырма. Салдары» атыс-шабыс фильмі үшін табысты болды. Картина айналымның екі мәрте үздігі болған «Құбыжықтар демалыста: Теңіз шақырады» мультфильмін ығыстырды. Кинотаспалар өткен демалыста қанша пайда тапты екен, оны Қазақстандағы кассалық жинаққа* арналған материалымыздан оқыңыздар.

Кассалық жинақ рейтингіндегі бірінші орынды «Орындалмайтын тапсырма. Салдары» атыс-шабыс фильмі иеленді. Фильмнің алғашқы жинағы 106 996 920 теңгені құрады. «Салдары» «Орындалмайтын тапсырма» франшизасының алтыншы бөлімі болды, Том Круз бен Винг Реймз – әзірге барлық бөлімде ойнаған жалғыз актерлар. Франшизаға Ребекка Фергюсон екі рет түсті. Бұрын ол «Орындалмайтын тапсырма: Аластатылғандар тайпасында» ойнаған болатын.

«Құбыжықтар демалыста: Теңіз шақырады» фильмінен көрініс
«Құбыжықтар демалыста: Теңіз шақырады» фильмінен көрініс

«Құбыжықтар демалыста: Теңіз шақырады» анимациялық таспасы екінші орынға түсіп қалды. Картина айналымдағы үшінші аптада 34 440 102 теңге жинады. Бұл фильмге дейін актриса Кэтрин Хан ешқашан толықметражды анимациялық жобаларды дыбыстаумен айналысып көрмеген болатын. Бұрын ол тек мультхикаяларды ғана дыбыстаған, соның ішінде «Робоцып» және «Бобтың тіскебасарлары» картиналары бар.

«Зәулім ғимарат» рейтинтегі үшінші орынға жайғасты. Фильм 14 490 000 теңгежиналы. Түсірілім алаңында Дуэйн Джонсонға «Айғай» франшизасы арқылы танылған Нив Кэмпбелл серіктес болды. «Зәулім ғимаратта» актриса Дуэйн Джонсон кейіпкерінің әйелін сомдады.

Айналымдағы төртінші апта «Құмырсқа адам және Сона» блокбастеріне 9 527 509 теңге әкелді. Фильм Marvel әлеміндегі Marvel Studios шығарған 21-ші картина болды. Таспа «Бірінші кек алушы: Қарсы тұру» және «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» арасында болған оқиғаларды қамтиды.

«Көрінбейтін қонақ» фильмінен көрініс
«Көрінбейтін қонақ» фильмінен көрініс

«Көрінбейтін қонақ» детективті триллері 6 531 000 теңге жинады. Картина - испан режиссері әрі сценарист Ориол Паолоның екінші жеке жобасы. Ол 2012 жылы «Дене» триллерін түсіріп, өзі сценарий авторы әрі қоюшысы болған. Толық метрдегі дебютінің алдында Ориол Паоло «Ecos» және «Түн мен күн» хикаяларымен айналысқан.

«Миллиардерлер клубы» фильмі 4 293 300 теңге жинады. Аталмыш картинаның түсірілімі үшін Эмма Робертс «Американдық қорқынышты хикая» танымал хикаясының бесінші маусымына қатысудан бас тартты. Актриса бұл таңдауына өкінген жоқ, себебі «Миллиардерлер клубы» алаңында бұрын «Айғайдың патшайымы» хикаясына бірге түскен Билли Лурдпен және Денин Тайлермен жолықты.

«Миллиардерлер клубы» фильмінен көрініс
«Миллиардерлер клубы» фильмінен көрініс

«Мекендеушілер» хоррорына алғашқы демалыс 3 491 389 теңге әкелді. Сценарийін Дэвид Тёрпин – ирландық автор, кинодағы дебютант жазды. Оған таспа идеясы түнде ұйықтар алдында келген. Дэвид айтқандай, ол бір секундқа үйін елестердің қалай жаулап алғанын елестеткен.

Айналымдағы басқа жаңалықтар бәсекеге қабілетті болмады. «Белль және Себастьян. Хикая жалғасады» фильмі 1 534 593 теңге, «Паранормалды» 1 389 549 теңге, «Бұл сорлы жүрек» таспасы 1 008 000 теңге жинады.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса