È

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады»: Керемет демалыс

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады»: Керемет демалдық

Дракуланың хикаяларын баяндайтын «Құбыжықтар демалыста» түпнұсқа мультфильмі 2012 жылы жарыққа шығып, өз көрерменін тапқан болатын. Жанкүйерлер жалғасын 2015 жылы тамашалады, ал осы жазда режиссер Генндий Тартаковский («Самурай Джек») сүйікті хикаяның үшінші бөлімін - «Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» сыйға тартты.

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» сюжеті қайтадан Дракула айналасында өрбиді, ол бұл жолы күйзеліске түседі. Оның қызы Мэвис әкесіне кішігірім демалыс ұйымдастыруды жөн санап, құбыжықтарға арналған арнайы теңіз круизіне билет сатып алады. Дракула бастапқыда бұл идеяға қуана қоймады, бірақ кеме капитаны, тартымды Эрикамен танысқан соң, бірден көзқарасын өзгертеді. Енді сұлу бикешпен бірге лайнермен саяхаттау оған керемет сәттілік болып көренеді. Алайда, Дракуланы қоса алғанда, барлық құбыжықтарға қауіп төніп тұр. Себебі, Эрика әйгілі құбыжықтарды аңдушы Ван Хельсингтің немересі болып шығады.

Қоюшы Генндий Тартаковский алғашында-ақ күрделі мәселелерді қозғайтын отбасылық кино түсіре бастаған. Егер бірінші бөлімінде ұлтаралық некені сөз еткен болса, екіншісінде ата-аналардың тәрбиесіне көңіл бөлген. Үшінші фильмде отбасылық дәстүр тақырыбы ашылады.

Алдыңғы бөлімдердегі оқиғалар Дракуланың қонақ үйінің айналасында өткен. Үшінші мультфильм өзіндік «роуд-муви» болды, кейіпкерлер көрермендермен бірге жаңа жерлермен танысады. Хикая қарапайым , философиялық ойлар кездеспейді. Аңғал баяндау әзілмен көмкерілген, ал кейіпкерлер кішігірім мәселелерге тап болады, сілекей, шырыш секілді дүниелер балалар мен ересектердің күлкісін тудырады. Мультфильм сюжеті бір минутқа да созылмайды, ал кейіпкерлерді бақылау 6 жыл бұрынғыдай, әлі де қызық.

Әсіресе Дракуланың өзгергенін тамашалау ерекше, ол бұрын қатал әке мен салқынқанды ақсүйек болатын. Ал мұнда ерекше қырынан танылады: махаббат оның бойындағы бар жақсыны оятады.

Өкінішке қарай, фильм диалогтарымен мақтана алмайды. Жаңа бөлімде Тартаковский сценарий жазуға атсалысты, жұмсақ айтқанда, оның диалогтары онша емес болып шыққан. Бірақ! Жарқын картинка мен кейіпкерлердің созылмалдығы бұл минусты жоққа шығарады. Барлығы бүге-шігесіне дейін жасалғандықтан, кейіпкер мінезінің кішкентай ғана кемшілігін көруге болады! «Құбыжықтардың» үздік сәттері сөзсіз-ақ көрсетілген.

Қорыта айтқанда, «Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» - әзіл мен күлкілі жағдайларға толы курортты хикая. Аңғал әрі сүйкімді мультфильм отбасылық кешке жақсы келеді.

 

Киноға барған Әйгерім Қасқыр

 

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» мультфильмінің кестесі кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» мультфильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін MelomanEntertainment және Lumiera Cinema-ға алғыс білдіреміз.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер