È

Аптадағы тұсаукесерлер: Тосын сыйға толы демалыс

12 шілдеден басталған апта тұсаукесерлері

Шілденің екінші аптасы «Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» мультфильміндегі Дракула мырзаның жаңа шытырман оқиғалары мен «Зәулім ғимарат» атыс-шабыс фильміндегі құпия қастандықты көрсетеді. Көрермендерді айналымның басқа да жаңалықтары қызықтырмақ, ол туралы төменнен толығырақ біле аласыздар.

 

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады»

Қазақстандағы тұсаукесер: 12.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Генндий Тартаковский

Рөлдерде: Мэл Брукс, Адам Сэндлер, Селена Гомес, Кэтрин Хан

Жанры: мультфильм, фэнтези, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Осы жазда Дракула достарымен бірге керемет лайнермен круизге саяхатқа аттанады. Саяхат көңілді әрі тосын сыйға толы болмақ. Дракула аяқ астынан кеме капитаны – тартымды Эрикаға ғашық болады. Бірақ, Эрика өзін көрсетіп жүргендей адам емес, ол қорқынышты әрі сұмдық құпияны жасырып жүр.

 

«Зәулім ғимарат»

Қазақстандағы тұсаукесер: 12.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Роусон Маршалл Тёрбер

Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Нив Кэмпбелл, Пабло Шрайбер, Ноа Тейлор, Байрон Манн

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Уилл Форд ауыр жарақаттан соң ФТБ-дан кетуге мәжбүр болады. Реабилитациядан кейін ол агент үшін төменгі сатыдағы жұмыс болып саналатын күзетші болады. Алайда, Уилл сауда орталығын емес, әлемдегі ең зәулім ғимарат «Маржанды» күзетеді. Жақында ол ғимарат қауіпсіздігін ғана қорғап қоймайды, өз отбасының өмірі үшін де шайқасады.

 

«Су перісі. Өлілер көлі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 12.07.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Святослав Подгаевский

Рөлдерде: Виктория Агалакова, Ефим Петрунин, Никита Еленев, Сесиль Плеже

Жанры: қорқынышты фильм, фэнтези

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Рома өзінің бар өмірлік күшін сорып алатын сұмдық қарғыстың құрбаны болады. Жігітті қалыңдығы Марина құтқаруға тырысады да, Романың белгісіз бір бойжеткенмен сүйіскені үшін осындай жағдайға тап болғанын анықтайды. Бойжеткен сүйіктісін зұлым күштерден құтқара ала ма?

 

«Талли»

Қазақстандағы тұсаукесер: 12.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Джейсон Райтман

Рөлдерде: Маккензи Дэвис, Шарлиз Терон, Марк Дюпласс, Эмили Хэйн

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Хикая кейіпкері – үшінші бала босанған соң, демалысқа мұқтаж болып жүрген әйел. Ол үшін бала күтуші ғана ең қымбат сыйлық бола алады. Бірақ, балаларды қараудың орнына, бала күтуші тәжірибелі ананың өміріне араласа бастайды.

 

«Париж. Zombi қаласы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 12.07.2018

Мемлекеті: Франция, 2018

Режиссері: Доминик Роше

Рөлдерде: Дени Лаван, Андерс Даниелсен Лье, Голшифте Фарахани, Лео Пуле

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сіздің Жер бетінде жалғыз қалғыңыз келер ме еді? Мұндай жағдай Парижде тұратын Сэмнің басынан өтті. Дегенмен, ол жалғыз емес, мейірімсіз зомбилердің арасында қалды. Кейіпкер не істейді екен: қаша ма әлде қала ма? Қорғана ма әлде шайқаса ма?

 

«Жалындаған»

Қазақстандағы тұсаукесер: 12.07.2018

Мемлекеті: Оңтүстік Корея, 2018

Режиссері: Ли Чхан-дон

Рөлдерде: Ю А-ин, Чон Джон-со, Стивен Ян, Ким Су-гён

Жанры: детектив, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жас жазушы Чон-су бала күнгі ескі досын жолықтырады. Бойжеткен сұлулана түскен және жігітпен шынайы қарым-қатынас орнатқысы келеді. Бір күні ол Чон-суды жақын досы Бенмен таныстырады. Белгісіз жігіт ерекше хоббиі туралы айтпай тұрғанда, ешқандай күмән тудырмаған еді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер