È

«Богемдік рапсодия» Қазақстандағы бокс-офиста алға шықты

8-11 қараша аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыста көрермендер отандық картиналармен қатар, әр түрлі елдердің фильмдерін тамашалады. Ауқымды экранға «Оңтүстікке сапар», «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда», «Оверлорд», «Өрмекші торына шырмалған қыз», «Келімсек» картиналары шықты. Кассалық жинақ рейтингінде кім бірінші орынға шықты екен, оны осы материалдан біле аласыздар.

Осы аптада бірінші орынды 106 507 500 теңге жинаған «Богемдік рапсодия» иеленді. Фильм қоюшы Декстер Флетчер үшін екінші байопик болды. Режиссер 2019 жылы жарыққа шығатын Элтон Джон жайлы «Рокетмен» фильмін түсірген.

«Кәсіпкерлер» фильмінен көрініс
«Кәсіпкерлер» фильмінен көрініс

Өткен аптаның үздіктері «Кәсіпкерлер» 43 758 000 теңге жинап, екінші орынға түсіп қалды. Бұл - Ақан Сатаевтың сюжеті 90-жылдарда өрбитін екінші фильмі. Алғашқысы «Рэкетир» болатын.

Үшінші орынға «Өрмекші торына шырмалған қыз» жайғасты, оның бокс-офисы 26 120 355 теңгені құрайды. Фильм Давид Лагеркранц романына негізделген, ол Стиг Ларссонның «Миллениум» кітабының топтамасын жалғастырып жүр. Басты рөлге Натали Портман, Скарлетт Йоханссон қарастырылған еді, бірақ соңында Лисбетті Клэр Фой сомдады.

«Өрмекші торына шырмалған қыз» фильмінен көрініс
«Өрмекші торына шырмалған қыз» фильмінен көрініс

«Смолфут» кассаны 26 303 760 теңгеге толтырды. Мультфильмдегі рөлдерді Ченнинг Татум, Джеймс Корден, Зендая дыбыстады. Жоба режиссері Райан О'Локлин болуы тиіс еді, бірақ оны Карей Киркпатрик алмастырды.

«Репродукция» өткен демалыста 18 580 800 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм бюджеті 30 000 000 долларды құрады. Сондай-ақ, басты рөлдердің бірін сомдаған Киану Ривз де таспа продюсері болып табылады. Картина түсірілімі Пуэрто-Риконың тропикалық орманында өтті, сондықтан түсірілім тобына біраз әуреленуге тура келді.

«Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» фильмінен көрініс
«Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» фильмінен көрініс

«Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» алғашқы демалыста 17 149 860 теңге жинады. Таспа Алматыда, Астанада және Парижде түсірілді. Режиссері Ильхам Джалилов болды. Шыңғыс ханның қызының рөлі Ақниет Орынтайға бұйырды, оны комедия авторлары 846 үміткердің арасынан таңдап алған.

«Қорқыныштар 2: Мазасыз Хэллоуин» жиналған сомаға тағы 15 048 913 теңге қосты. Джек Блэк қайтадан Р.Л. Стайн рөлін сомдады, бірақ басқа картинадағы жұмысына байланысты фильмнің соңғы 10 минутында көрінді.

«Веном» фильмінен көрініс
«Веном» фильмінен көрініс

«Ұлы дала комедиясы» жинағы 11 495 400 теңгені құрады. Актриса Мадина Оспан және әнші Төреғали Төреәлі басты рөлдерде дебют жасады. Әбдусаид Төлегенов те алғаш рет өзін сценарист ретінде сынап көрді.

«Веном» айналымның алтыншы аптасында 8 593 038 теңге жинады. Том Харди рөліне дайындалып жатқан кезде, Вуди Аллен, Конор Макгрегор және Рэдмен образдарынан шабыттанып, көшірді.

Аз касса жинағандар: «Оверлорд» - 7 005 600 теңге, «Махаббат» кафесі» - 6 283 200 теңге, «Оңтүстікке сапар» - 5 644 112 теңге, «Келімсек» - 982 400 теңге.

 

Жоғарыда аталған фильмдердің кестесін біздің афишамыздан көруге болады.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер