È

«Шағала»: театр шедеврінің жаңа экрандық бейімделуінің алғашқы трейлеріндегі махаббат пен қайғы

«Шағала»: театр шедеврінің жаңа экрандық бейімделуінің алғашқы трейлеріндегі махаббат пен қайғы

Жақында ғана шыққан «Шағала» жаңа экрандық бейімделуіне арналған трейлер бізге жазғы маусымда қала сыртындағы тыныштықта махаббат оқиғасын бейнелейтін Сирша Ронанды(«Құс ханым», «Жағалауда»), Элизабет Моссты («Төртбұрыш», «Қызметші әңгімелері») және Аннетт Бенингті («Америкалық сұлулық», «Вальмон») көрсетеді. Фильмнің сценарийін жас драматург Стивен Карам жазды.

Режиссер Майкл Майер («Әлемнің бір шетіндегі үй») драманы Чеховтың пьесасы негізінде түсірді. Бұл әлемдік сахнаның озық үлгісіндегі оқиға 100 жылдан астам уақыт бұрын орын алған. Фильмде Ресейдің теңіз жағалауындағы отбасы мен қонақтарының мүшелері арасындағы шиеленіскен махаббат оқиғасы баяндалады. Трейлер ауылдық жерге келген қонақтарды көрсетеді. Билл Хоул («Дюнкерк») Константин Треплевтің рөлін сомдайды. Ол өз сезімін Сирша Ронан сомдаған ауылдық қыз Нина Заречнаяға білдіреді.

Бірақ, жақын арада махаббат дастаны аяқталады. Танымал жазушы Борис Тригорин (Кори Столл, «Құтқару үшін өтірік айту», «Құмырсқа адам») есімді жаңа қонақ пайда болады. Махаббат үштігі орнайды, себебі Ронанның кейіпкері қонаққа келген танымал адамға қызығушылық танытады. Роликтің қалған бөлігі махаббат сезімінің берілуі мен ренішке құрылады. Орыс классикасы экранда жаңа бейнелермен және дәстүрлі безендірулермен көрінеді.

«Шағала» драмасы көрсетілімге 11 мамырға дайындалуда.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер