È

«Өрмекші адам: Қайта оралу» Қазақстанда жарты миллиард теңге жинады

6-9 шілде аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптаның кассалық жинағы отандық көрерменнің әлемдік Marvel-дің Өрмекші адамына бей-жай қарамағандығын көрсетті. Қазақстандықтар «Өрмекші адам: Қайта оралу» фильміне жарты миллиардқа жуық қаржы жұмсаған. Ал «Кеңсе» тәжірибесі» триллері 15 миллионға да жетпей құлдырады. Басқа да картиналардың қанша жинағанын Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингісінен көріңіздер.

Кассалық жинақ рейтингісінде «Өрмекші адам: Қайта оралу» фильмі көш бастап тұр. Картина тұсаукесерлі аптада 489 536 500 теңге жинап, алдыңғы көшбасшы «Сұмпайы мен 3» фильмін екінші орынға ығыстырды. Әлемдік Marvel кинематографиясындағы «Өрмекші адам: Қайта оралу» фильмі арқылы Питер Паркер екінші рет көрініп отыр. Алғаш рет ол «Бірінші кек алушы: Азаматтық соғыс» картинасына түскен болатын. Өрмекші адамның рөліне Мингус Люсьен Ридус (Норман Ридустың ұлы) пен Чендлер Риггз («Жүре алатын өліктер») қарастырылған еді. Алайда, екеуі де бұл жобадан бас тартып, ақыры рөл жас британ актері Том Холландқа бұйырды.

«Өрмекші адам: Қайта оралу» фильмінен көрініс

«Сұмпайы мен 3» анимациялық фильмі 264 533 100 теңге жинады. Бальтазар Брэтт жауызды Алан Тьюдик, Джон Сина, Эд Хелмс, Кевин Поллак, Дон Новелло, Тай Бурелл және Стив Зан дыбыстауы мүмкін еді. Дегенмен, оның рөлі «Оңтүстік саябақ» мультипликациялық хикаясының авторы Трей Паркерге тиесілі болды. Актриса Дженни Слейт үшін бұл Illumination Entertainment-тің үшінші жобасы болып отыр. Алғашқы екеуі «Лоракс» (2012) және «Үй жануарларының құпиясы» (2016) болған.

«Трансформерлер: Соңы жауынгер» кинофантастикасы 31 850 400 теңге көлемінде қаржы жинады. Режиссер Майкл Бэй фильм түсіру кезінде «Трансформерлер» (1984-1987) хикаясына сүйенген. Жаңа картинада трансформер жасаушының есімі Квинтесса болады. Хикаяға сәкес, ғаламшар тұрғындары дәл осындай атпен автоботтар жасап шығарады. Артур патша мен Камелот жауынгердің қатысуымен болған көріністер де хикаядан алынған, ол жақта трансформерлер жауынгерлер мен сиқыршылар кезеңіне тап болады.

«Сұмпайы мен 3» фильмінен көрініс

«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильмі бәсеңдеп қалды. Картина бар-жоғы 23 527 000 теңге жинады. Бастапқыда капитан Салазардың кемесі ойдан құралған үлгімен жасалған. Оның суда жүзу тарихымен түк қатысы болмаған. Дегенмен, суретшілер екібасты қыран Габсбургоның бейнесін пайдаланып, зеңбірекке испан тәжінің мөрін және XVIII ғасырда француз бен испан саймандарына тән болған екі дельфин бейнелі өрнекті салды.

«Мумия» фантастикалық фильмі кассаны 14 614 500 теңгеге толтырды. Том Круз «Мумия» фильміне 1999 жылы түсетін еді. Картина режиссері Стивен Соммерс оны басты рөлге қарастырып жүрген болатын. Алайда, рөл Брендан Фрэйзерге бұйырған. Ремейк түсірілімі 2016 жылдың сәуір айында басталып, 5 айға созылған. Кинотаспаны Ұлыбританияның Оксфорд, Суррей, Намибия қалаларында түсірген.

«Кеңсе тәжірибесі» фильмінен көрініс

«Кеңсе тәжірибесі» триллері тұсаукесерлі аптада 13 164 300 теңге ғана тапты. Жоба Джеймс Ганның сценарийлік жұмысы. Ол режиссер Майкл Рукермен бірге үшінші мәрте жұмыс істеп отыр. Екеуі бұрын«Шырышты» (2006), «Супер» (2010) және «Галактика сақшылары» (2014) картиналарымен жұмыс істеген. Сыншылар фильм сюжетін жапондық «Патшалық шайқас» (2000) туындысына ұқсастырды.

Өткен аптада жеңіліс тапқандар: «2:22» тылмысға толы триллер - 8 983 600 теңге, «Өте жаман қыздар» комедиясы - 8 752 000 теңге және «Ғажайып-әйел» фантастикалық атыс-шабыс фильмі - 6 486 000 теңге.

 

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 13:04

О паук это было хорошо. Но есть конец слабоватый. Пираты, слабо 3 бала. Миньены ну это детский прикол. Есть момент, где можно смеяться из за желтых персонажей, о да это тема.

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер