Төрт отандық фильм Канн фестивалінде көрсетілмек
Алдағы 71-ші Канн фестиваліне тағы да отандық қысқаметражды таспалар қатысады. Арнайы Short Film Corner алаңы аясында 4 фильм ұсынылатын болады, олар - Венера Қайыржанованың «Жасырынбақ» фильмі, Берік Жахановтың «Асаны», Алма Баймұратованың «Pearl» картинасы, Әсел Аушакимованың «Жаңалықтары».
Венера Қайыржанованың «Жасырынбақ» картинасы шындықты қабылдай алмайтын екі кішкентай қыз жайлы баяндайды. Оның себебі - үлкендер әлемінің қатыгездігі. Берік Жахановтың «Асан» фильмінде өзінің көп жылдан бері көрмеген әкесінің жерлеуіне баратын бала жайлы әңгімеленеді. Екі фильмде «Дебют» ШӨБ аясында түсірілген.
Алма Баймұратованың қысқаметражды «Pearl» картинасы 20 жыл өткеннен кейін өзінің бұрынғы махаббатын кездестіретін медбикенің оқиғасын көрсетеді. Әсел Аушакимованың «Жаңалықтар» картинасы дәстүрлі көзқарастан алшақ қыздың айналасында өрбиді.
Short Film Corner алаңы 2004 жылы өздерінің және әлемдегі барлық әріптестерінің жұмыстарын ұсыну мақсатында қысқаметражды фильмдер продюсерлері және режиссерлерімен құрылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Short Film Corner-ге Қазақстаннан 7 фильм қатысқан болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін