È

«Қаны таза»: ресми тұсаукесер алдында қара комедияның жаңа трейлері

«Қаны таза»: ресми тұсаукесер алдында қара комедияның жаңа трейлері

Режиссер әрі сценарист Кори Финлидің «Қаны таза» қара комедиясы көптеген фестивальдердегі тұсаукесері мен сыншылардың жақсы пікірлерінен кейін жалпы айналымға, әйтеуір шықты-ау. Осы салтанатты сәтке негізгі сюжет желісін түсіндіретін және пікірнамалардағы нақыл сөздермен көмкерілген арнайы трейлер шығарылды. Бұл - 2016 жылы қайғылы оқиғадан көз жұмған Антон Ельчиннің («Атлантидадағы жүректер», «Альфа Дог») қатысуындағы экранға шығатын соңғы фильм.

Бала кезден бері достасып келе жатқан құрбылар Лили (Аня Тейлор -Джой, «Көлеңкелер мекені», «Сплит») және Аманда (Оливия Кук, «Голем», «Мен, Эрл және өлім аузында жатқан қыз») бірнеше жыл көріспегеннен кейін, Коннектикут маңында қайта кездеседі. Лили жоғары таптың мінсіз бойжеткеніне айналған, ол белді интернатурада оқиды және бұл туралы түйіндемесіне мақтанышпен жазып жүреді. Аманда өте ақылды және өзіндік пікірі қалыптасқан. Бірақ, көбінесе қоғамның төмен табын еске салады.

Бір қарағанда екеуі екі түрлі сияқты болып көрінгенімен, олардың достықтары нығая түскен. Екеуі де бір еркекті ұнатпайды. Ол – Марк (Пол Спаркс, «Әйгілі шоумен», «Тәж» хикаясы), Лилидің өгей әкесі, жауыз әрі делқұлы. Аласапыран оқиғалар желісі басталады. Құрбылар қылмыс туралы ойланады да, жергілікті айлакер Тимды (Антон Ельчин) жалдап, соған жоспарды орындатуға мәжбүрлейді.

«Қаны таза» қара комедиясының тұсаукесері 2018 жылдың 9 наурызына жоспарланған.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер