È

Аптадағы тұсаукесерлер: Мықты одақ

16 қарашадан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта DC әлемінің жанкүйерлерін қуантпақ: айналымға «Әділдік одағы» суперкейіпкерлі киносы шығады, оған Галь Гадот пен Бен Аффлек қатысты. Сонымен қатар, хоррор жанрын жақсы көретіндер де қуана берсе болады, «Джиперс Криперс 3» және «Көлеңкелер мекені» атты фильмдер шықпақ.


«Әділдік одағы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.11.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Зак Снайдер

Рөлдерде: Галь Гадот, Робин Райт, Джейсон Момоа, Эми Адамс, Бен Аффлек

Жанры: қиял-ғажайып, фэнтези, атыс-шабыс, шытырман

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Супермен өзін-өзі құрбандыққа шалған соң, Бэтмен қайтадан адамзатқа сене бастады. Ол Ғажайып әйелмен бірігіп, зұлымдыққа қарсы күреседі. Оның кішкентай тобын қолдауға Флэш, Аквамен және Киборг келісті.

 

«Джиперс Криперс 3»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.11.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Виктор Сальва

Рөлдерде: Стэн Шоу, Брэндон Смит, Мег Фостер, Честер Рашинг

Жанры: қорқынышты фильм, триллер, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

23 жылдан соң қанішер Джиперс Криперс қайта оралады. Ұлынан айырылып қалған Гайлер жалғыз немересін жоғалтқысы келмейді. Әйел жергілікті шерифпен бірге құбыжықты мәңгілікке тоқтатуға тырысады.

 

«Французша махаббат-сәбіз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.11.2017

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Бруно Шиш

Рөлдерде: Стефан Де Гродт, Луиз Бургуан, Ор Атика, Энн Бенуа

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Отбасылық жұп Эрик пен Пенелопа Питер және Эмимен бұрыннан дос. Бір қарағанда, оларды мықты достық байланыстырып тұрған сияқты. Алайда, Пенелопа және Питер көптен бері ашына болып жүр. Екеуінің соңғы түні күтпеген сый әкеледі – ашыналардың денелері ауысып кетеді.

 

«Свингер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.11.2017

Мемлекеті: Дания, 2016

Режиссері: Миккель Мюнх-Фальс

Рөлдерде: Мартин Бух, Милле Динесен, Дэн Зале, Джордж Кэт

Жанры: мелодрама, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильмнің басты кейіпкері - жасы қырықтан асқан Адам. Оның әдемі үйі, жары мен ұлы бар. Бірақ, ер азаматқа өмірде бір нәрсе жетіспейді. Тіпті, свинг-клубтың өзі оған ләззат сыйламайды. Бір күні ол жас қызбен танысып, ғашық болып қалады.

«Аңыздар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.11.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Александр Молочников

Рөлдерде: Федор Бондарчук, Сергей Безруков, Иван Ургант, МилошБикович

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бір шетелдік еркек қала басшысының әйеліне ғашық болады. Кейіпкер әйелді алып қашу мақсатымен жүргенде жұлдыздар өміріне куә болады, танымал әртістер оның алдында өзгеше образда көрінеді. Негізі, олардың барлығы біз ойлағандай өмір сүрмейді екен.

 

«Көлеңкелер мекені»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.11.2017

Мемлекеті: Испания, 2017

Режиссері: Серхио Санчес

Рөлдерде: Джордж МакКэй, Чарли Хитон, Миа Гот, Том Фишер

Жанры: қорқынышты фильм, триллер, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Джек ағаларымен және әпкесімен бірге туған үйіне оралады. Үлкен үй оларға қайтыс болған анасынан мұрагерлікке қалған еді, бірақ олар аналарын еске алғылары келмейді. Үйде қорқынышты әрі біртүрлі әрекеттер орын алғанда кейіпкерлердің жаңа өмірі быт-шыт болады.

«Субурбикон»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.11.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Джордж Клуни

Рөлдерде: Мэтт Дэймон, ДжулианнаМур,

Жанры: триллер, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 17 жасқа дейін

Субурбикон – бақытты отбасылар тұратын әлемдегі ең тыныш қала. Бір күні қаладағы үйлердің біріне шабуыл жасалады. Бұл жағдай қауіпті бір сұмдықтың басталғанын хабар береді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер

Александр Рубанов

Қоюшы-оператор