È

9-мамыр – Жеңіс күні отандық телеарналар не көрсетеді?

9-мамыр – Жеңіс күні отандық телеарналар не көрсетеді?

Биылғы жылы біз кеңес әскерінің фашистерді жеңгеніне 73 жыл толғанын тойлаймыз. Мейрамға орай «Бродвей» отандық телеарналардан бүгін көрсетілетін ең жарқын әрі қызықты көркем фильмдер шолуын ұсынады.

«Хабар» телеарнасы көрермендерге әскери-патриоттық фильмдерді дайындап қойды. Сағат 12:10-да Леонид Быковтың «Соғысқа «қарттар» ғана барады» (1974) таспасы көрсетіледі. Бұл фильм капитан Титаренко жетекшілік еткен екінші эскадрилья туралы. Қарт жауынгерлерге жақында ғана училищені тәмамдаған жаңа ұшқыштар қосылады. Титаренко жас жігіттерді соғыс алаңына жіберуге асықпайды. Ең алдымен ол балаларды шынықтырып, музыкалық қабілетін тексереді.

«Соғысқа «қарттар» ғана барады» фильмінен көрініс
«Соғысқа «қарттар» ғана барады» фильмінен көрініс

Одан кейін, сағат 15:30-да «28 панфиловшылар» (2016) ресейлік-қазақ драмасы ұсынылады. Картинадағы оқиға 1941 жылы Волоколам тас жолында болған. Дәл осы жол неміс танкілерін Мәскеуден бөліп тұрған, осы жерде генерал Панфиловтың атқыштар дивизиясы орналасқан. Кеңес жауынгерлері берілсе, дұшпанның жеңетінін білген. Оған олар жол бере алмады, себебі артында Мәскеу тұрған еді.

«КТК» эфирінен отандық айналымдағы жаңа киноларды көруге болады. Сағат 13:30-да жас режиссер Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» (2017) қылмыстық комедиясы көрсетіледі. Белгісіз үш жігіт инкассация көлігін тонап, жол бойындағы дәмханалардың біріне тоқтайды. Қылмыскерлер шекарадан өтетін оңтайлы уақытты күтіп отырады. Бірақ, тағдыр сол дәмханаға полицейлерді жібереді, олар да бір шикілікті сезеді. Фильмге Әзиз Бейшеналиев, Берік Айтжанов, Шыңғыс Қапин, Асан Мәжит және Нұржан Садыбеков түскен.

«Бөлінбейтін» фильмінен көрініс
«Бөлінбейтін» фильмінен көрініс

Сағат 21:00-де «Ананы іздеу» (2017) фильмі ұсынылады. Азамат балалар үйінде тәрбиеленген, ол анасымен кездесуді армандайды. Алайда, балақай анасының Америкада тұратынын біледі. Азамат олимпиадада жеңіске жетіп, штатқа шақырылады. Ол анасын табатынына сенімді. Таспаға қырғыз КТА ойыншысы Азамат Ұланов және Тәуекел Мүсілім түскен.

«НТК» көрермендерді әсерлі америкалық кинотаспалармен қуантпақ. Сағат 12:30-да «Жалған сағым-2» (2016) көрсетіледі. Әлемнің ең үздік «Төрт салт атты» иллюзионшылары өз жұмыстарын қайта бастады. Жігіттер бір техномагнаттың қара істерін әшкерелеп, өз намыстарын қорғауға тырысады. Сенің ойыңды алдын ала оқып қоятын дұшпанды құрту оңай емес.

«Жалған сағым-2» фильмінен көрініс
«Жалған сағым-2» фильмінен көрініс

Сағат 19:50-де «Египет құдайлары» (2016) фэнтези-фильмі көрсетіледі. Шытырманға толы таспа қарапайым адамның қараңғылық құдайы Сетке қарсы шығуын баяндайды. Ағасы Осиристі өлтіріп, Сет бүкіл әлемді өз ырқына көндіргісі келеді. Тек жас кедей әрі ұры ғана аласапыранды тоқтата алады. Сәбит Құрманбековтың «Секер» (2009) картинасы да көпшілікке ұсынылады. Ұл сияқты тәрбиеленген Секер есімді қыз әкесінің үмітін ақтау үшін расында да ұл болуға тырысты. Бірақ, Секер 12 жасқа толғанда айналасындағылардан жынысын жасыру қиындай түседі. Көрсетілім сағат 14:30-да басталады.

 

Превью: «28 панфиловшылар» фильмінен көрініс

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер