«Чума в ауле Каратас» Волоколамскке аттанады
19-23 қараша аралығында Ресейде «Волоколамский рубеж» XIII Халықаралық әскери-патриоттық фильмдер фестивалі өтеді. Әділхана Ержановтың «Чума в ауле Каратас» толықметражды фильмдер байқау бағдарламасында көрсетіледі. Осы секцияда Қазақстаннан басқа Германиядан, Қытайдан, Польшадан, Ресейден, Словакия мен Өзбекстаннан 8 кинолента қатысады.
«Чума в ауле Каратас» - «Партизандық кино» қозғалысы аясында түсірілген отандық фильм. Картина персонаждар мен олардың әрекеттері арқылы қазіргі замандағы проблемаларды келеке етеді. Кинолентаның қоржынындағы басты марапаттарының бірі - 25-інші «Киношок» фестивалінің «Золотая лоза» жүлдесі.
«Волоколамский рубеж» фестивалінің мақсаты – өскелең ұрпақтың патриоттық рухын ояту. Халықаралық байқаудың ұйымдастырушылары жыл сайын шеберлік кластарын, семинарлар, дөңгелек үстелдер, киноертеңгіліктер өткізеді.
Биылғы жылы жүлде үшін 22 елден 56 фильм қатысады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін