Дарья Александрова: «Киноның болашағы жастардың қолында»
Қазақстандық актрисалардың ішіндегі танымал актрисалардың бірі Дарья Александрова («Нархоз», «Көшбасшы жолы», «Свадьба на троих») жас режиссерлердің жобасына белсенді қатыады. Қазіргі кезде ол «Незваный» триллеріне, «Нағашылар» сериалына, Мәди Әйтімова жобаларына қатысып жүр. Жас таланттарды қолдауыныңғ басты себебін актриса «Бродвей» кинопорталына әңгімелеп берді.
«Киноның болашағы жас режиссерлердің қролында екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Олар өте жас, идеялары тың әрі креативті. Оларда белгілі бір қалып, шектеу жоқ, олар өте еркін. Ең басытысы - жігіттердің мақсаты қаржылық пайда емес. Олар үшін идеясын жеткізе білу, шығармашылығын таныта білу маңызды. Әрине, оларға көмектесе жүріп, өзімнің дебюттық немесе басқа да жобаларымнан жақсылық күтемін. Күндердің күнінде олардың да маған көмегі тиеді деп сенемін», - дейді Дарья.

«Незваный» түсірілімі
Режиссер Даир Қаракеевтің «Незваный» интерактивті триллерінде актриса басты рөлдердің бірін ойнайды.
««Незваный» сериалында мен қызды қрлау ісін зерттеп жүрген ізденімпаз журналисті ойнаймын. Олт үнемі тергеушілерден көбірек білуге тырысады.Түсірілім процесі өте қызық болды, өйткені соңғы кезде мен ақылы қысқа сары шашаты аққұба қыздарды ойнап жүр едім. Әдетте мен ашынаның немесе ақылы таяз қыздың рөлдерін ойнайтынмын, осы жолы маған салмақты образ бұйырды. Мүмкін, мен осы образ ұнағандықтан да бірден келскен болармын (күлді). «Нағашыларда» мен бас кейіпкердің жүретін қызын ойнаймын. Шындығында менің кейіпкерім жадағай образ. дегенмен түсірілімге қатысқаныма ризамын. Жоба режиссеры Азамат Мағазумовпен бұрыннан таныспыз, сондықтан сериалда ескі достығымызь үшін ойнаймын», - дейді актриса.
Жақында Дарья Мәди Әйтімовтың «Черновик» картинасына түсіріліген «Мир против нас» деп аталатын клипіне түсті.

«Мир против нас» клипінің түсірілімі
«Клип бір кадрмен түсірілді, мені қызықтырғаны да сондықтан. наверное, именно это меня и заинтересовало. Репетиция 5-6 рет болды. Хронометражды қатаң сақтау жағы қиындау болды. Әдеттегі түсірілімдерді кесуге, жапсыруға, болады, ал бапрлығы бір кадрмен түсірілгенде ештеңені өзгерту мүмкін емес, сондықтан барымызды салу керек болды. Қателіңк жіберуге қақымыз жоқ болатын, түсірілім алаңында зеріккен жоқпыз», - деді Дарья.
Актриса сөз соңында өзінің негізгі мақсаты жас режиссерлерге көмектесу екенін айтты. Кім біледі, мүмкін кейін олардың бірі жаңа Тимур Бекмамбетов болатын шығар.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін