È

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ресми түрде некелесті!

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ресми түрде некелесті!

Актер Дәурен Айдарқұлов әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен қарым-қатынасын заңдастырды. Жұптардың АХАЖ бөліміндегі некесі көпшілік үшін күтпеген жәйт болды. Себебі, екеуі бұрын айырылысқандарын мәлімдеген еді.

Актерлар арасындағы қарым-қатынас Ақбота-Нұр басты рөлді сомдаған «Гламур для дур» комедиясының түсірілімінен басталған. Алайда, екеуінің махаббат хикаялары бойжеткен KeshYou тобынан кетіп, жеке шығармашылықпен айналыса бастаған кезде белгілі болды. Ол уақытта Дәурен Айдарқұловтың әйелі болатын, бірақ ажырасуға дайындалып жүрген. 2017 жылдың көктемінде жұп қатынастарын растап, маусымда ұлдары дүниеге келеді. Бірақ, сол жылы күзде екеуі айырылысқандарын хабарлаған.

Желі қолданушылары жас жұбайлардың суретінің астына түрлі пікірлер қалдырды. Кейбіреулері оларға отбасылық бақыт тіледі. Бірақ, кейбірі неліктен Ақбота-Нұрдың жар ретінде Дәурен Айдарқұловты таңдағанына бас қатырды: «Сіздер үшін қуаныштымын! Керемет жұп! Жаман сөздерге мән бермеңіздер», «Ол адамнан не таптың. Сен үшін шал ғой. Өзің сондай сұлусың, жассың, ай-ай-ай. Өкінішті. Әлі де жас ханзаданы жолықтырарсың», «Бақытты болыңдар!», «Екеуінің некесі берік болады дегенге сенбеймін. Уақытша сияқты. Құдай бұйыртып, барлығы жақсы болса екен», «Қос ғашықтың қосылғанына қуаныштымын. Адамдарға бәрібір емес пе. Бастысы – бір-бірін сүйсе және соңына дейін бақытты болатындарын дәлелдесе болды ғой. Ештеңеге қарамастан, бірге жүр. Ең бастысы көңілімізді қалдырмайтын шығар».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса