È

«Тергеушiлер» хикаясы түсіріліміне арналған декорациялар екі аптада құрылды

«Тергеушiлер» хикаясы түсіріліміне арналған декорациялар екі аптада құрылды. Қазақстан киносы

Алматыда «Тергеушiлер» детективті хикаясының түсірілімі өтіп жатыр. Көпсериялы фильмнің өндірісімен «Adam Media Plus» компаниясы айналысуда. Түсірілім үшін арнайы павильон құрылды. Ол жақта учаскелік полицей мен тергеушінің жеке бөлмесін және сұрау өткізілетін бөлмені, тіпті мәйітхананы кездестіруге болады.

«Павильон екі аптаның ішінде құрылды. Ол жақта хикаяның 50-60%-ын түсірудеміз. Декорация жұмыстарымен қоюшы-суретшілер Мұхтар Мырзакеев пен Қайыртас Хамза айналысты. Көрермендерге 25 минуттан тұратын 16 бөлім ұсынылады. Әр хикаядан түрлі тергеу оқиғалары, бұзақыларды аңду мен оларды әшкерелеу жолдары көрсетіледі. Арнайы қойылған жас шектеуі де жоқ, біз «+18» деген киноны түсірмейміз. Сонымен қатар, бұл балаларға арналған кино емес. Негізі, көрсетілімге 30 жасқа дейінгі аудиторияны тартқымыз келеді»,-деп түсіндірді режиссер Антон Митнёв.

«Тергеушiлер» хикаясының түсірілімінен сурет

«Тергеушiлер» детективті хикаясы 10 жыл бойы телеэкрандардан түспей келе жатқан неміс франшизасының негізінде түсіріліп жатыр. Ерекше сценарийді қазақи шындыққа бейімдеген авторлар - Константин Ефимов пен Перизат Мырзахметова.

«Сценарий жұмыстары сәуір айының соңында басталды. Эпизод хронометражының аздығына қарамастан, франшиза сценарийі көлемді болып шықты. Бір ай бойы ділімізге сай келетін бөлімдерді таңдап, қазақ заңдарына бейімдедік. Көптеген сұрақтарға қатысты мәселелермен құқық қорғау мамандары мен заңгерлердің көмегіне жүгіндік»,-дейді Перизат Мырзахметова.

Актриса Гүлшарат Жұбаева

Авторлардың айтуынша, түсірілім тобына Алматы қаласы ІІБ мен қалалық жедел медициналық жәрдем бекеті техникалық қолдау білдіріп, түрлі кеңестерін білдіріп жатқан көрінеді.

Хикаяның басты кейіпкерлері әмбебап күрескерлер бестігінен құралған. Олар – аға тергеуші Кәмшат Мырзабекқызы (Гүлшарат Жұбаева), табанды әрі адал тергеуші Ермек Байназар (Азамат Шарғынов), көңілді әрі тартымды жедел қызметкер Нұрлан Ақберен (Ербол Садырбаев), әйелдердің сүйіктісі әрі мансапшыл Асқар Еділбай (Нияз Шайсұлтанов) және қылмыстық маман - Гаухар Елжанқызы (Гүлбахрам Байбосынова).

«Тергеушiлер» хикаясы «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр. Көпсериялы фильм эфирге биылғы күзде шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер