È

ҚХР делегациясы «31 арнаға» және «Қазақфильмге» барды

ҚХР делегациясы «31 арнаға» және «Қазақфильмге» барды

Алматыға кино өндірісі мен телебағдарламалар жасауда бірлесіп жұмыс істеуді талқылау үшін ҚХР делегациясы келді. Делегация құрамында Қытайдың белгілі кинокомпанияларының өкілдері мен партияларының мүшелері бар.

Келген қонақтар «31 арна» директоры Бағдат Қожахметовпен кездесіп, келіссөздер жүргізді, режиссер Рүстем Әбдрашевпен, Ұлттық пресс-клуб өкілі Ержан Рамазановпен және Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіқалықовпен кездесті. Сондай-ақ қонақтар «Қазақфильм» киностудиясына да атбасын бұрды.

Кездесу барысында«31арна» басшылығымен серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Арнаның бас директоры Бағдат Қожахметовтың мәлімдеуінше, телеарна үшін өте пайдалы және телеөнімдермен алмасуға мүмкіндік туды.

Қатысушылардың айтуынша, бұл құжат серіктестің аясынкеңейтіп, екі елдің киноленталар мен киножобаларды бірлесіп өндіруге мүмкіндік береді.Болашақ жобалар нақты қандай әдістер арқылы жасалатыны уақыттың еншісінде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер