È

«Дешт-и-Кыпчак. Тайные знаки» Санкт-Петербургте көрсетіледі

 «Дешт-и-Кыпчак. Тайные знаки» Санкт-Петербургте көрсетіледі

23-24 қыркүйекте ТМД елдерінің кинодокументалситердің халықаралық форумы «ДокФорум» өтеді. Іс-шара аясында «Дешт-и-Кыпчак. Тайные знаки» деректі фильмі көрсетіледі.

«Қазахфильм» киностудиясы мен «Студии «Гафу» бірлесіп түсірген отандық фильм көрерменді ежелгі қыпшақ жазбаларыме таныстырады, қыпшақ тілінің Еуропа мен Батыс арасындағы сауда-саттықтағы рөлі жайлы баяндайды. Сценарий авторы және режиссеры Бақыт Қайырбеков, сондай-ақ тағы бір режиссеры Алексей Каменский. Картина әрқайсысы 30 минуттан екі бөлімге бөлінген.

Картинаны түсіру идеясы ҚР Мәдениет жіне спорт министрлігі мен Қазақ мәдениеті ғылыми-зерттеу институтына тиесілі. Жобаның түсірілімі Арменияда, Италияда және Украинада өтті. Лентаның тұсаукесері 2015 жылы болды.

Қазақстандық лентадан басқа Әзірбайжан, Қырғызстан және Ресей елдері режиссерлерінің жұмыстары көрсетіледі. Көрсетілім 24 қыркүйекте Санкт-Петербургтегі кино және ТВ институтының ғимаратында өтеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Нұрлан Әлімжанов

Актер