È

Диас Әзімжан «Z ұрпағы» деректі фильмін таныстырды

Диас Әзімжан «Z ұрпағы» деректі фильмін таныстырды

Алматыда ALMAU университетінің кинозалында Диас Әзімжанның «Z ұрпағы» дебютті деректі картинасының тұсаукесерлі көрсетілімі болды.

Сюжетте өз қағидалары, мәселелері мен өмірге деген көзқарастары бар жасөспірімдер туралы баяндалады. Өздерін, қорқыныштарын жеңу мақсатында олар «Жана ұрпақ» лагеріне барады да, қайтадан сенуді, сүюді және сенім білдіруді үйренеді.

«Он бес-он алты жасар балалар бізді, ересектерді жаңа дүниеге үйрете алады. Бастысы – теңдей диалог құра білу, олардың алдында өз тәжірибеңді, жасыңды көрсетудің қажеті жоқ, себебі олар ашыла алмауы мүмкін. Біз оларды тыңдай білуіміз қажет», - деді Диас Әзімжан.

Картина үш аптаның ішінде қала сыртындағы рекреациялы лагерде және Алматы қаласының өзінде түсірілді.

Асқат Әбжановтың жеке Instagram парақшасынан
Асқат Әбжановтың жеке Instagram парақшасынан

Идея авторы «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылар мектебінің басшысы Асқат Әбжанов болды

«Мектебімізге үш жыл болды, тренингті лагеріміздің бірінші ағынын өткізген кезде, ғажайыпты көрдім. Сонда: «Мұны мәңгіге есте сақтап қалу үшін, не істеу қажет» деп ойландым. Содан кейін, осы идея пайда болды, күндердің бір күні «Жаңа ұрпақтың» әр түлегіне мықты, сенімді, эмоционалды бола тұра, қандай сынақтардан өткенін еске салатын фильм түсіруді ұйғардым. Диастың арқасында бұл идеямыз жүзеге асты», - деп бөлісті Әбжанов.

Көрсетілімге лагерьдің нұсқаушылары, фильмнің қатысушылары мен олардың ата-аналары келді.

«Z ұрпағы» деректі картинасы жақында желіге шығады.

Превью: Диас Әзімжанның жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер