«13 километр» деректі таспасы Overcome ХКф-де жүлделі болды
«13 километр» деректі таспасы Overcome («Еңсеру») Халықаралық кинофестивалінің «Арнайы жүлдесіне» ие болды. Кинокөрсетілім Бразилияда 23-29 қазан аралығында өткен.
«13 километр» фильмінің кейіпкері – соқыр фермашы Серік Боданбаев. Азамат үміттеніп отыра бермей, әрекетке көшетін адам. Зағип болғандығына қарамастан, Серік жеке шаруасын дөңгелетіп отыр, отбасын асырап, екі қыз тәрбиелеуде. Картинаны «Қазақфильм» киностудиясының негізінде режиссер Владимир Тюлькин түсірген.
Overcome фестивалі – кинематографшылардың қиындықты еңсеру, рух пен жігерлілік және өмірге деген махаббаты көрсете алатын алаңқайы. Биыл «13 километр» картинасымен қатар Қазақстанның атынан Қайрат Қуанышбаевтың «Бейсетай Дәуренбеков және 12 тағдыр» фильмі көрсетілді.
Айта кету керек, «13 километр» үшін Overcome жүлдесі – алғашқы марапаты емес. Бұрын картина «Ресей» ашық деректі кинофестивалінде көзге түскен.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін