È

«Алтын Емел» деректі фильмі Қытайда жүлдеге ие болды

«Алтын Емел» деректі фильмі Қытайда жүлдеге ие болды

Олег Беляловтың «Алтын Емел» деректі фильмі Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен Кино және туризм саласындағы азиаттық өнер апталығында жүлдеге ие болды. Кинотаспа «Үздік шетелдік деректі фильм» аталымында жеңіске жетті.

«Алтын Емел» картинасы – белгілі фотограф-натуралист Олег Беляловтың дебютті киножұмысы. Фильмде «Алтын Емел» Мемлекеттік ұлттық табиғи қорындағы бай флора мен фауна туралы әңгіме болады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Олег Беляловтың фотосы
Олег Беляловтың фотосы

Еске салсақ, деректі таспаның тұсауы 2017 жылдың қарашасында Қазақстан деректі киносы күндері аясында кесілген болатын.

Кино және туризм саласындағы азиаттық өнер апталығы Азия елдеріндегі туризмді дамыту мен кинематограф саласында мәдени тәжірибе алмасу мақсатында өткізіліп келеді. Биылғы жылы байқауға әлемнің 23 елінен 1200-ден астам кино мен телебағдарлама қатысқан. Көрсетілім ұйымдастырушылары – Қытай телевизиялық суретшілер қауымдастығы, Чжэцзян телевидениесі мен киносы, радио, басылым, баспалар әкімшілігі және Тайчжоу қаласының әкімшілігі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер