È

Саясат қайраткері Махамбетәлі Ізмаханов жайында «Шөмішкөлдей көл барма?! - Арданадай ел бар ма?!» деректі фильмі

Саясат қайраткері Махамбетәлі Ізмаханов жайында «Шөмішкөлдей көл барма?! - Арданадай ел бар ма?!» деректі фильмі. Қазақстан киносы

Отандық режиссер Мұхтар Омаров саясат және қоғам қайраткері, 86-жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері Махамбетәлі Ізмаханов туралы «Шөмішкөлдей көл барма?! - Арданадай ел бар ма?!» деректі фильм түсірді. Картина кейіпкердің жеке архивінен алынған материалдардан, оның отбасы мен достары, жолдастарының сұхбатынан тұратын үш бөлімнен құралған.

Махамбетәлі Ізмаханов – еліміздің саясат және қоғам қайраткері, «Құрметті байланысшы» телекоммуникация саласында бірнеше жүлделердің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Ол 30 жасында Орал аудандық комсомолының жетекшісі қызметін атқарған. 5 жылдық үздік қызметтен соң Ізмахановты Алматы қаласындағы басшылықтар байқап қалып, Республикалық өнеркәсіптік сала комитетіне шақырады. Ол 10 жыл бойы «Қазпошта» АҚ игілігі үшін еңбек етіп, «Азамат» саяси партиясының құрылуына белсене атсалысқан.

Мұхтар Омаров

«Фильмде Махамбетәлі Ізмахановтың өмірі ғана емес, сонымен қатар, кейіпкердің баяндауымен Қазақстан тарихының қиын тұстары да көрсетіледі. Ең маңызды естеліктердің бірі 86-жылғы оқиға болатын. Сол жылдары және содан кейін түрлі қорқыныштар мен тәуекелге қарамастан, еш талғаусыз қамауға алынған кінәсіз балаларға көмектесті. Кейінірек қайраткер Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаушылардың тылында еңбек етті. Фильм өскелең ұрпаққа арналған. Олар еліміздің діңгегін қалап кеткен тұлғаларды ұмытпай, біліп жүруі тиіс»,-деді Мұхтар Омаров.

Режиссер деректі фильмді түсіруге 2 жыл уақыт кеткенін айтып өтті, бірінші жылы топ қажетті ақпаратты жинаса, ал екіншісінде фильм түсірілді.

Картинаның сценарийін Қалилла Омаров жазды. Ал фильм өндірісімен «Kalilafilm» киностудиясы айналысты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер