Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі: құштарлықпен пен құлай берілу

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі: құштарлықпен пен құлай берілу

Қарқын ала бастаған XII Халықаралық «Евразия» кинофестивалі аясында Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасының көрсметілімі болды. картина қазақстандық прокатқа 29 қыркүйектен бастап шықты. Тарихии драманың бас продюсері Әлия Назарбаева, сценарийді жазған Тимур Жақсылықов, қоюшы-оператор Сатаевтығ ескі танысы Хасан Кыдырәлиев, басты рөлдерге Әділ Ахметов, Аружан Джазильбекова, Алтынай Нөгербек түсті.

«Анаға апарар жол» – «Аманат», «Жаужүрек мың бала», «Көшпенділер», «Моңғол», тіпті тамыры тереңге кеткен біздің ең алғашқы тарихи фильміміз «Амангелді» секілді қазақстандық тарихи кинолардың дәстүрін жалғаған үлкен кино. Ұзақтығы екі сағаттық фильмге бүкіл XX ғасыр ыйып кеткендей. Сюжет өткен жүзжылдықтағы барлық кезеңдерді, біздің таризымызды қамтиды. Картинаның жалпы фабуласы осындай. Өткен ғасырдың алғашқы жылдары Ілияс (Әділ Ахметовтың орындауында) атты бала анасынан ажырап қалады. Тағдыр оларды бір-бірінен ажыратып, әр жаққа лақтыра,ы жер шарын айналдырады. Олар бір-бірін іздеп бармаған жерлері, баспаған таулары қалмайды, сөйтіп жүріп түрлі оқиғаларға тап болады, өмірдің түрлі кездергілерінен өтеді. Ал сол кезеңде халқымыздың басынан кешпеген қиындығы жоқ, аштықты да, соғысты да, ұжымдастырудың қиындығын да, абақтының азабын да тартты. біздің елімізді, Кеңес одағын, одан кейін тіпті бар әлемді түрлі қиындықтар жайлады, планетаараоық қақтығыстар болды, әлеуеттік катаклизмалардан адамдар абден арықты. Осындай оқиғалардың ішінде біз қарапайым қазақтың баласы Ілия атты кейіпкермен бірге тыныстап, бірге өмір сүреміз. Оны тағдыр қандай сынға алса да, ол өзнің анасы мен (Алтынай Нөгербек) ғашығына (Аружан Джазильбекова) деген махаббаттың, үміт пен сенімінің нәзік жібін үзген емес.

Кейбір көріністердің масштабы тағ қалдырады. Мысалы, соғыспен байланысты сәттер қорқынышпен қатар таңғалыс сезімі пайда болады: ұщақтар ұшып жатыр, бомбалар жарылып жатыр, айналаның бірі суша аққан қан, лас, осының бәрін көріп отырғанда ерекше әсер аласың. Кеңестік кезеңдегі шындықты көз алдыңа әкеледі. Фильмді көріп отырған кезде мағынасын барынша тереңдете түсуге тырысқаны байқалып тұрады. Кейде мұндайдың өзі керек шығар, өйткені бұл патриотизмді сезінуге мүмкіндік береді. Онсыз болмайды. Сондықтан мақсатқа жету үшін талғамды, мазмұны үшін фоорманы, өз елің үшін мақтаныш сезімі үшін ұстамдылықты құрбан етуге тура келеді. Фильмнің басты мақсатырының бірі өзіміз өмір с.үріп жатқан жиырма бірінші ғасырдың қадірін түсіну үшін жиырмасыншы ғасырдағы бар қиындықтарды көрсту болған сияқты. Егер солай болса, тапсырма орындалған.

Фильмнің тарихи бағыты қаншалықты терең болса, интеллектуалдық тұрғыдан соншалықты жалаңдау. Сюжет бір сыдырғы, біреу ғана, ешқандай метафоралармен бекітілмеген, символдар, архетиптер жоқ, терең мифологияға негізделмеген. Фразалар қарапайым фраза болып қалады. характерлер біржақты, кейіпкердің кейіптері мүлде өзгермейді. біреулер үшін бұл сценарийдың кемшілігі, енді біреулер үшін артықшылығы болуы мүмкін.

Картина амбивалентті. барлық деңгейде:

- актерлық ойында - актерлер өздерінің рөлдерін түсінікті, кәсіби түрде орындайды, бірақ тереңдік, харизма жоқ;

- Сценарийі - жоғарыда айтып өткеніміздей интеллектуалдық жалаңдықтан басқа шаблон өте көп, бірден еске классикалықь жанрдағы фильмдерді еске түсіреді, олар: Кончаловсийдің «Одиссея», Бертолуччидің «Последний Император», Имоу. «Жить» Бір жағынан «Анаға апарар жол» сықты ленталардан үлгі алған.

- Талғам- метафоралық тілмен айтсақ, фильмдегі құштарлық құлай берілуге ұласып кетеді. Кейде Сатаев өзінің кино саласындағы бар білімін кқөрсетемін деп асыра сілтеп жібереді. Кей тұстарында фильм есеп беру үшін түсірілгендей әсер қалдырып, ондағы эмоция бәсеңдейді. Бір жағынан бұл да жөн шығар, халықтың алдында есеп беріп тұрған да дұрыс. Өйткені жауапкершілік басым болады.

«Анаға апарар жол» – күрделі, көпқырлы фильм. бұл фильмге өз патритоттығыңды, талғамыңды, сезімің мен танымыңды тексеріп көру үшін де барып көруге тұрарлық. о сходить хотя бы ради того, чтобы проверить на прочность свой патриотизм, вкус, чувства и моральные установки.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

29 Апреля, 2016

Көшбасшы жолы

27 сәуірде «Көшбасшы жолы» киноэпопеясның «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталатын сиквелінің тұсаукесері болды. Фильм Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі жайлы. 

Айнур

Рецензии

7 Апреля, 2016

«Джунгли кітабы» («Книга джунгли»)

Фильмнің сюжеті миллиардтаған адамдарға жақсы таныс Редьярд Киплингтің кітабындағы  және кеңестік мультфильмдегі Маугли туралы оқиғадан аздап өзгешелеу. 

Айнур

Таныс бейне

Ерболат Тоғызақов

Актер

Сатыбалды Нарымбетов

Режиссер

Айым Сейтметова

Актриса

Досқан Жолжақсынов

Актер

Александр Костылев

Қоюшы-режиссер

Меңдібай (Меңтай) Өтепбергенов

Актер

Әділхан Ержанов

Режиссер