È

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда өткен кинофестивальде «Гран-приге» ие болды

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі  Хорватияда өткен кинофестивальде «Гран-приге» ие болды. Қазақстан киносы

Қоюшы Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмалық картинасы Хорватияда өткен «Марко Поло» ХКФ-де «Гран-при» иеленді, фестиваль 27 тамыз күні аяқталған. Таспа негізгі жүлдеден бөлек, «Үздік сценарий» санаты бойынша да жеңіске жетті.

Кинотаспадағы оқиға өткен жүзжылдықтың 30-40 жылдарында болған. Картинадағы басты кейіпкер (Әділ Ахмет) ұжымдастыру мен соғыстан кейінгі қиын кезеңдерді басынан кешеді. Барлық сынақтар қарапайым жігітті мықты азаматқа айналдырады. Кейіпкер өлім аузына қаншама рет түссе де, бір күні туған үйіне, анасының (Алтынай Нөгербек) қасына баратынына сенеді.

«Анаға апарар жол» фильмінен көрініс

Кинотаспа Қазақстан елшілігінің кинофестивалінде Хорватия Республикасында көрсетілді.

Кинотаспа көрсетілімімен бірге «Қазақстан – ұлы дала елі» экспозициясы өтті, шарада қонақтар еліміздің мәдениетімен жақынырақ танысты.

Айта кету керек, «Анаға апарар жол» фильмі «Еуразия көпірі» ХКФ-де де «Гран-при» иеленген болатын. Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының «Ақ ілбіріс» киножүлдесінде «Орта Азиядағы үздік фильм» жүлдесін алған.

 

Превью: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер