È

«Куб» драмасы «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» ХКФ бағдарламасына енді

«Куб» драмасы «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» ХКФ бағдарламасына енді

Максим Қодаровтың «Куб» картинасы ТМД, Балтия және Грузия елдерінің VII Халықаралық «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» кинофестивалінің қатысушысы атанды. Кинокөрсетілім 12-15 желтоқсан аралығында Бішкекте өтеді.

«Куб» фильмі – арман жолынан адасқан әйел туралы баяндайды. Ол жас кезінде еліміздің танымал музыканты болған. Ал қазіргі таңда әйел орындалмаған армандарын ешкімге айтпаған жерде сақтап жүр.

«Куб» фильмінен көрініс

Отандық режиссердің жұмысы келіп түскен 169 өтініштен 14 картина таңдап алынған халықаралық байқауда таныстырылмақ. Фильмге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Украина және Тәжікстан елдерінен келген картиналар бәсекелес болмақ. Жеңімпаздарды қазылар алқасы «Үздік фильм», «Үздік режиссура», «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» және «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша анықтайды.

«Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» кинофестивалінің негізін 2010 жылы қоғам қайраткері, режиссер, продюсер, депутат Жогорку Кенеш Садык Шер-Нияз қалаған. Кинокөрсетілімнің басты мақсаты - ТМД, Балтия және Грузия елдерінің арасындағы мәдени диалогты дамытып, бүкіл әлемнің жаһандануы аясында дәстүрлі мәдени құндылықтарды сақтау.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер