È

«Куб» фильмі Point in the Endless Universe фестиваліне қатысады

«Куб» фильмі Point in the Endless Universe фестиваліне қатысады

Максим Қодаровтың «Куб» кинотаспасы Point in the Endless Universe VII Халықаралық кинофестивалінде ашық аспан аясында көрсетіледі. Кинокөрсетілім 22-25 қыркүйек аралығында Кипрдің Парамали қаласында болады.

«Куб» фильмі – егде тартқан әйелдің тағдырын бейнелейтін қысқаметражды таспа. Кейіпкер музыка мектебінде жұмыс істейді. Үйіне қайтар кезде ол өзінің өткен өмірімен және орындалмаған армандарымен әр кеште жеке қалады. Картина «Жеті ата» мен «Кино Компаниясы» киностудияларының қатысуымен түсірілген.

Point in the Endless Universe – 2011 жылдан бері KINOISKUSSTVO шығармашылық бірлестігінің, MultiWays агенттігі мен ER Show Production компаниясымен бірігіп өткізіліп келе жатқан жыл сайынғы кинобайқау. Биылғы жылы қазақстандық фильмдерден бөлек, фестивальде Белоруссия, Грузия, Италия, Иран, Кипр, Ресей мен Сербия елдеріне келген жұмыстар таныстырылады.

Еске сала кетсек, «Куб» фильмі алдыңғы жолдары II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің «Үздік қоюшы-суретші» жүлдесін, New York Eurasian film festival-де құрметті атауын, сондай-ақ алғашқы Pure Халықаралық кинофестивалінде «Гран-при» жүлдесін иеленген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер