È

«Куб» қысқа метрі Pure ХКФ-де «Гран-при» иеленді

«Куб» қысқа метрі Pure ХКФ-де «Гран-при» иеленді. Қазақстан киносы

Максим Қодароватың «Куб» қысқаметражды фильмі алғашқы Pure Халықаралық кинофестивалінде «Гран-при» иеленді. Сондай-ақ, картина «Үздік қысқаметражды ойнамалы фильм», «Көрермендер көзайымы» және «Тамаша актерлік жұмыс үшін» жүлделерін алды. Байқау Ресейдің Санкт-Петербург қаласында болған.

«Куб» кинокартинасы музыкалық училищеде тазалаушы болып жұмыс істейтін әйел туралы баяндайды. Кейіпкердің өткен өмірі жайында ешкім білмейді. Негізі, ол кезінде өз елінің танымал скрипкашысы болған еді. Алайда, қате таңдаудың нәтижесінде тағдыры басқаша өріледі.

Режиссер Максим Қодаров үнемі шығармашылық жандардың ішкі әлемін зерттеп, олардың арманы орындалмай қалған кезде қандай күйге түсетінін саралап көрген. Автор фильмде барлық сұрақтарға өзі жауап беруге тырысқан.

«Куб» фильмінен көрініс

Айта кету керек, «Куб» бұрын Германиядағы JULA Festival KINObrunch-2017 Халықаралық кинофестивалінде және Токиодағы Short Shorts Film Festival & Asiа фестивалінде көрсетілген болатын.

Pure - Санкт-Петербургтегі «NoMask» экран мәдениеті студиясының ұйымдастыруындағы алғашқы тәжірибелік кинофестивалі. Кинокөрсетілімнің мақсаты – көрермендерді түрлі формалары мен композициялары арқылы жалпы қағидалардан ерекшеленетін кинокартиналармен таныстыру. Алғашқы фестивальға қатысуға барлығы 1000 өтініш келіп түскен. Негізгі байқауға Алжир, Армения, Грузия, Испания, Ирак, Индонезия, Қазақстан, Түркия мен Украина елдерінен келген 80 фильм өткен.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер