È

Дулыға Ақмолда: ««Арман әлемі» фильмінің кейіпкері маған жақын»

Дулыға Ақмолда: ««Арман әлемі» фильмінің кейіпкері маған жақын». Қазақстан киносы

Алматыда Фархат Шәріповтың «Арман әлемі» атты жаңа фильмінің түсірілімі өтуде. Туындыдағы басты кейіпкердің рөлін театра және кино актері Дулыға Ақмолда ойнайды. Ол көпшілікке Айдар Баталовтың «Заговор Оберона», Сәбит Құрманбековтың «Оралман» және Дархан Төлегеновтың «Таңғы шапағат нұры» картиналары арқылы таныс.

«Арман әлемі» фильмі - өзін және өмірдегі мәнін жоғалтқан ер азамат туралы. Кейіпкердің басынан түрлі сынақтар өтеді, бірақ ол қиындықтармен күресуге күш таппай, қауқарын да бірте-бірте жоғалта бастайды.

«Кейіпкерімнің есімі Қанат. Ол ажырасқан, әйелі мен қызы бөлек, ал өзі Альцгеймер ауруымен ауыратын анасымен бірге тұрады. Өмірінде түрлі қиындықтар кездеседі, алайда оның олармен күресуге шамасы жетпейді. Осы фильм арқылы ешқашан берілмеу керектігін, көмектің аяқ астынан бөгде адамдар тарапынан келетінін көрсетеміз. «Арман әлемі» фильмінің кейіпкері маған жақын, өйткені ол қарапайым, кеңпейілді адам. Бірақ, қуанышқа орай, сюжет бойынша Қанаттың басынна өтіп жатқаны, менің өмірімде болған емес. Мен Фархат Шәріповпен бірінші рет жұмыс істеудемін. Режиссер ретінде ол өз жұмысына аса тиянақты. Жобаға ең соңына қарай, басты рөлге басқа актерді бекітіп қойғанда аяқ асты келдім. Кастингке қатты шаршап келген едім, бірақ сол кездегі түрім фильм кейіпкеріне сәйкес келген сияқты»,-дейді Дулыға Ақмолда.

Сонымен қатар, актер түсірілім басталмай жатып, жан-тәніңмен беріліп орындайтын түрлі қиын көріністерді жасап, ерекше дайындалған.

Дулығамен бірге түсірілім алаңында Гүлжамал Қазақбаева, Ержан Түсіпов, Әсел Қалиева, Диора Романова және т.б. жұмыс істеді.

Шамамен, «Арман әлемі» драмасының түсірілімі мамыр айында аяқталады деп күтілуде, бірақ үлкен экранға картина 2017 жылдың соңында ғана шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер