È

Болашаққа ашылған есік

Болашаққа ашылған есік

Таяуда «Болашақ»: Қазақстан тарихының алтын парағы» деректі фильмінің ресми трейлері шықты. Жобаны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және ҚР Президент радиокешенімен бірлесіп жасады.

Фильм «Болашақ» шәкіртақысының пайда болуы, бағдарламаны жүзеге асырғандар, алғашқы шәкіртақы иегерлері, олардың жемістері жайлы. Бағдарламаның алғашқы отырыстарының мұрағаттағы кадрларынан бөлек «Болашақ» бағдарламасының қайнар бастауында тұрған адамдармен, жақсы нәтижелерге жеткен түлектермен 23 сұқбат көрсетіледі.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметовтың айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы - еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі.

Картина үш тілде көрсетіледі. Фильм 5-6 шілдеде отандық телеарналарда көрсетіледі. Ең алғашқы арнайы көрсетілім 4 шілдеде. Фильм Қазақстанның Берлиндегі, Вашингтондағы, Лондондағы, Мәскеудегі және Шанхайдағы елшіліктерінде де көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер