È

Джеймс Марсден «Соник кірпі» фильмінде басты рөлді сомдайды

Джеймс Марсден «Соник кірпі» фильмінде басты рөлді сомдайды

Джеймс Марсден («Жабайы Батыс әлемі» хикаясы, «Мендегі бар жақсылық») «Соник кірпі» фильмінде басты рөлді сомдайды. Paramount студиясы тұсаукесерді классикалық бейнеойын негізінде дайындап жатыр. Экранды бейімдеуі ойнамалы киноны да, анимация элементін де қамтымақ. «Соник кірпіні» экрандау құқығы 2017 жылы сатып алынған, ал «Гилмор қыздары» хикаясы арқылы танылған актер Джефф Фаулер режиссер болып тағайындалды.

Sega компаниясы «Соник кірпі» ойынының нұсқасын 1991 жылдан бері шығарып келеді. Қазіргі таңда әлем бойынша түрлі құрылғыларға арналған 360 миллионнан астам көшірмесі сатылып үлгерген. Бұл квесттің басты кейіпкері – Соник кірпі – жануарларды түрмеге қамап, роботқа айналдырып жіберген Дәрігер Роботникті жеңуі тиіс. Одан бөлек, Дәрігер Роботник Хаостың сиқырлы Зүбәржатын ұрлап алған еді.

Таспа продюсері Нил Х. Мориц («Жолаушылар», «Форсаж 7») болмақ, ол жақында Paramount-пен келісімге отырған болатын. «Дэдпул» режиссері Тим Миллер бұл жобада атқарушы продюсер қызметін атқарады. «Соник кірпі» картинасының ресми тұсаукесері 2019 жылдың 15 қарашасына жоспарланған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер