È

Екатерина Краснова «В сетях» дебюттық фильмін ұсынды

Екатерина Краснова  «В сетях» дебюттық фильмін ұсынды

Алматылықтарға «В сетях» отандық фильмі ұсынылды. Драма жанрында түсірілген кинолента тележүргізуші әрі сәнбике Екатерина Краснованың продюсерлік дебюті. Жоба туралы нақтырақ Екатерина Краснова, екінші продюсері Рубен Арзуманов, актерлер Санжар Мәдиев, Динара Бақтыбаева, Фима Иванов және Ульяна Амент.

«Фильм бүгіегі күннің шындығын көрсетеді, біз соншалықты эгоист болып кеттік, өзімізге ғана көңіл бөлеміз. Картина бір-бірімізге әділетсіз екенімізді жақсы суреттеген. Сценарийді жазуға біршама уақыт жұмсадық. Сценарийді 8 ай бойы өзім жаздым. осы бір күрделі істе маған қол ұшын берген Юлия Хазиахметова: ол диалогтарды фильмге бейімдеді. Фильмнің өзін 9 күнде түсірідік. таңның атысынан күн батқанша жұмыс істедік», - дейді Екатерина Краснова.

«В сетях» фильмінен кадр

Өз кезегінде екінші продюсер Рубен Арзуманов капртинаның идеясын ұсынған режиссер Фуркат Файзиев екенін айтты.

«Біз Екатеринамен осыдан бес жыл бұрын Астанада өткен экшн-фильмдер фетивалінде бірге жұмыс істедік. Содан бері небір ортақ шығармашылық жоспарларымыз құрылды. Болашақ фильмнің идеясын бізге режиссер әрі актер Фуркат Файзиев ұсынды. Оған қазіргі замандағы жас қыздың бір кешін көрсету қызық болды. Екатерина екеуміз идеяны жетілдіріп, шынайы өмірмен ұштастырғымыз келді. нәтижесінде камералық кино шықты»,- дейді продюсер.

Түсірушілердің айтуынша, актерлерді таңдауда еш қиындықтар болмаған. Картинада небәрі алты персонаж бар. О баста эмоционалды бас кейіпкерді сомдайтын актрисаны табу қажет болды. Рөлге Айсұлу Әзімбаева лайық болды. «Оңбағанның» рөліне Санжар Мәдиева шақырылды, ал «адал» құрбының рөлінде – Динара Бақтыбаева. Фима Иванов және Ульяна Амент ойнаған персонаждар өзхдеріне арнайы жазылды. Сондай-ақ фильмге актер Дмитрий Хольцман қатысты.

«В сетях» фильмінің түсірілімі

«Бұл оқиғаны жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлер жоқ: әркімнің өз шындығы бар. Мен сценарийді оқығанда маған ешқандай моральдық ұстанымы жоқ, тек инстинк пен өз қалауы бойынша өмір сүретін қазіргі заманның жігітін ойнау қызық болып көрінді. Фильм расында да сіз бен біздің өміріміздің шындығына негізделген. Қахзір бәрі де әлеуметтік желде отырады, кейде тіпті шектен шығып кетеді, мораль туралы әңгіме айтудың өзі артық», - дейді Санжар Мадиев.

Көрермен «В сетях» фильміне өз бағасын осы аптада-ақ бере алады. Картина прокатқа 19 қаңтарда шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер