Елзат Ескендір «Адасқақ» деп аталатын алғашқы толықметражды фильмін түсірмек
Қазақстандық режиссер Елзат Ескендір «Адасқақ» («Заблудший») көркем фильмінің түсіріліміне дайындалып жатыр. Режиссердың дебюттық толықметражды жобасын Baikadam production орталығы жүзеге асырады. Қазіргі кезде түсірілімге арналған локация іздестіріліп, кастинг ұйымдастыруда.
«Адасқақ» жобасы - экзистенциальды-поэтикалық драма, мұнда Адам мен Табиғат, Құдай арасындағы нәзік байланыс жайлы. Фильмдегі оқиға өркениеттен жырақта бір отбасындағы мысалмен көрсетіледі. Түсірілімге осы жылдың күзінде кірісуді жоспарлап отырмыз», - дейді Елзат Ескендір.

Сценарий авторы режиссердың өзі.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Елзат Ескендірдің «Өліара» («Межсезонье»/«Off-season») фильмі бірнеше халықаралық байқауда жеңімпаз атанды. ХХІ Пусан кинофестивалінде картина Sonje Award номинациясы бойынша «Гран-при», «Кинопроба» XIII Халықаралық фестивалінде «Үздік дебют» номинациясын жеңіп алды. Бұдан басқа «Өліара» «Киносыншылар таңдауы -2016» байқауында «Үздік қысқаметражды фильм» атанды.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Askhat
10 наурыз 2017, 22:30Главное что бы не получилось дешево и сердито