È

Әмір Байғазин «Өзен» көркем фильмінің түсіріліміне дайындалу үстінде

Әмір Байғазин «Өзен» көркем фильмінің түсіріліміне дайындалу үстінде. Қазақстан киносы

Халықаралық киножүлделердің иегері режиссер Әмір Байғазин «Өзен» фильмінің түсіріліміне кірісті. Кинотаспа жасөспірімдердің өмірі мен қайғы-қасіреттері туралы трилогияның соңғы бөлімі болмақ. Алдыңғы екі бөлімі - «Үндестік сабақтары» (2013) және «Жаралы періште» (2016).

«Өзен» картинасының басты кейіпкері – әкесімен және төрт інілерімен бірге ауылда тұратын Аслан есімді бозбала. Отбасының басшысы балаларын, әсіресе Асланды қаталдықпен тәрбиелейді. Өйткені, бозбала отбасының тірегіне айналуы тиіс.

Режиссердің айтуынша, фильм адами қасиеттердің жақсы мен жаманын, отбасылық қарым-қатынасты баяндайды.

Басты рөлді сомдайтын актерларды өткен жылдың аяғына таман іздеген. Кастинг нәтижесінде Асланның рөлі Жалғас Клановқа бұйырды. Ал оның інілерін Жасұлан мен Руслан Өсербаев, Ерік Тазабеков және Бақдәулет Сағындықов сомдайды. Картинадағы әке рөлінде актер Қуандық Қыстықбаев болмақ.

Әмір Байғазин фильм түсіріліміне бұрынғы картиналарында жұмыс істеген қоюшы-суретші Сергей Копыловты және костюм бойынша суретші Айдана Қожагелдіні шақырды.

Авторлар түсірілімге нақты 10 шілде күні кіріспек. Картина Қапшағай қаласынан 60 шақырым жырақта арнайы салынған декорацияларда түсірілетін болады.

«Өзен» кинотаспасы «Қазақфильм» киностудиясының негізінде өндірілуде.

Превью: Buro247.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер