È

Ерден Телемісов «Құдіретті» веб-хикаясының трейлерін ұсынды

Ерден Телемісов «Құдіретті» веб-хикаясының трейлерін ұсынды

 

Ерден Телемісов «Құдіретті» веб-хикаясының трейлерін ұсынды. Бұл жолы ол актер болып қана қоймай, жобаның режиссері атанды.

Уақыт пен адамдар өзгереді. Заманауи әлемімізде өмір сүретін жындар да өзгеріске ұшырады. Аға жын Мұрат жедел жәрдемнің фельдшері болып жұмыс істейді. Нұркен – полицей жігіт. Кенжесі Ердеш қарапайым болуды қаламайды, оның блогер болғысы келеді. Ағалары оның қалауын құптамай, кедергі келтіреді. Бірақ, Ердеш тоқтамай, мақсатына қарай ұмтылады. Бұл дауда кім жеңіске жетер екен?

Жобаның бас продюсерлері Ілияс Ахмет, Нариман Әбиев, Андрей Мануйлов болды.

Блогер-жынның рөлін Ерден Телемісов, ал ағаларын Мұрат Мұқашев пен Нұркен Туматаев сомдады.

Сондай-ақ, хикаяға Айсұлу Әзімбаева, Санжар Мәди, Илья Ильин, Берік Айтжанов, Әзиз Бейшеналиев, Ержан Түсіпов сынды танымал тұлғалар түсті.

Одан бөлек, режиссердің айтуынша, көрермендер экраннан танымал отандық блогерлерді көре алады.

«Біз кино авторлары мен ғаламтор-жобаларды біріктіретін жоба жасағымыз келеді. Веб-хикаяның сапалы болуына асталысып, барынша тырысып жатырмыз. Негізі, YouTube-жобалар жасау үшін бұлай еңбектенбейді ғой», - деді Ерден Телемісов.

Биылғы желтоқсанда шығатын «Құдіретті» таспасымен екінші режиссер Артем Ганцев пен оператор Сәкен Битай айналысты.

Еске салсақ, веб-хикая биылғы жылы Ресейде өткен алғашқы Халықаралық Realist Web Festival фестивалінде көзге түскен болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер