È

Ерке Есмахан неліктен «Махаббат» дәмханасы» фильмін түсіруді ұйғарғанын айтып берді

Ерке Есмахан неліктен «Махаббат» дәмханасы» фильмін түсіруді ұйғарғанын айтып берді

Жамбыл облсында «Махаббат» дәмханасы» отандық фильмінің түсірілімі жалғасып жатыр. Картина - әнші Ерке Есмаханның продюсерлік әрі актерлік дебюті. Эстрада жұлдызы фильм жайлы және өзінің неліктен киноөндіріске қарай қадам басқанын «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында айтып берді.

«Махаббат» дәмханасындағы» оқиға ауылда өрбиді. Қаскөйлерден жасырынып жүрген қалалық жігіт ауылдық дәмханаға аспаз болып жұмысқа орналасады. Сол жақта мекеме басшысының қызы Мақпалмен танысады. Жастар арасында сезім пайда болады.

«Әр адам бір орнында тұрмай, өсуі тиіс. Ұзақ ойланып, ақылдаса келе: «Неге кино түсіріп көрмеске?» деген шешімге келдім. Журналист әрі продюсер Гүлнұр Мамасарипова кеңес беріп көмектесті, осылайша фильм идеясы туындады. Шынымды айтсам, түсірілімге бірден үйреніп кете алмадым: ұйықтай алмадым, қатты алаңдадым, барлығы қалай болып шығады екен деп ойландым. Бірақ, екі-үш күн өткен соң, өзімді жайлы сезініп, кино ауанына үйрене бастадым», - деп бөлісті Ерке Есмахан.

Қалалық жігітті Шәріп Серік сомдайды, ал дәмхана басшысының рөлінде Әбунасыр Серіков болады. Ал Мақпалдың рөлі Ерке Есмаханға бұйырды. Сондай-ақ, картинаға Дариға Бадықова түсіп жатыр.

Фильмнің қоюшы-режиссері - Асқар Ұзабаев.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер