È

Ерке Есмахан «Махаббат» дәмханасы» атты фильм түсірмек

Ерке Есмахан «Махаббат» дәмханасы» атты фильм түсірмек

Танымал әнші Ерке Есмахан өзін кинода сынап көрмек. Әнші «Махаббат» дәмханасы» атты фильм түсіруді жоспарлап отыр. Жобаның қоюшы-режиссері ретінде Асқар Ұзабаев жұмыс істейді.

Фильм түсіру идеясы жайлы Ерке Есмахан «The Эфир» бағдарламасында айтып берді. Әнші сценарийдің дайын екенін және топты жинап жатқанын да айта кетті. Дегенмен, кинотаспасында қандай оқиғаның баяндалатынын нақтыламаған болатын.

Айта кетейік, бұл Асқар Ұзабаевтың шоу-бизнес өкілдерімен алғашқы жобасы емес. Режиссер бұған дейін Баян Алагөзовамен (Абайлаңыз, сиыр!), Ерболат Беделханмен («91») және Әсел Сәдуақасовамен («Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі») бірге жұмыс істеген болатын.

Сондай-ақ, «Махаббат» дәмханасы» фильмінің түсіріліміне Әбунасыр Серіков пен Шәріп Серік қатысады.

Картина жайлы толық мәліметті жақын арада «Бродвей» сайтынан біле аласыздар.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

15 апреля 2018, 23:42

Ну Ерке нет опыта, но в этом помогает Аскар отличный режиссер и актер Шако.

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер