È

«Еуразия-2018»: сарапшылар отандық кино жайлы заң жобасын талқылады

«Еуразия-2018»: сарапшылар отандық кино жайлы заң жобасын талқылады

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында дөңгелек үстел өтті, жиында отандық кино жайлы заң жобасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Фестиваль Астанада өтіп жатыр және 7 шілдеге дейін жалғасады.

Кездесу барысында кинематография мен мәдениет саласының сарапшылары өндіріске, айналымға, сондай-ақ ұлттық кинокартиналарды дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаржының негізгі реттеушісіне айналатын Ұлттық киноны қолдау қорын құру идеясын қолдады. Құжаттарға сәйкес, қаржыға тәуелсіз студиялар мен продюсерлер, сонымен қатар ашық байқаудың теңдей қатысушысы ретінде қарастырылған «Қазақфильм» студиясы да ие бола алады.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

Дөңгелек үстелдің қатысушылары фильмдердің мемлекеттік қорының сақталуына, кинотоптамалардың сандық үлгісін жасауға және таспалар мониторингіне ақпараттық жүйелер енгізуді басты назарға алды. Салықтық жеңілдіктер енгізу де басты тақырыптардың бірі болды.

Айта кету керек, қазіргі таңда кинематографиядағы барлық әрекет «Мәдениет жайлы» заңның бірнеше баптарымен ғана жүргізіледі, яғни бұл киноны жеке дара сала ретінде қарастыруға мүмкіндік бермейді.

Бүгінде заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Құжат АҚШ, Франция, Германия, Ресей және Қытай секілді алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, дайындалды.

 

Превью: eurasiafestival.kz

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

8 шілде 2018, 03:44

Кино должно быть свободными и честным! А не фильтроваться властью в личных интересах!

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер