È

«Еуразия-2018»: Хиро Нарита операторлық шеберлік жайлы

«Еуразия-2018»: Хиро Нарита операторлық шеберлік жайлы

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында американдық қоюшы-оператор Хиро Наританың шығармашылық кездесуі өтті. Шетелдік қонақ Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттерімен және шығармашылығының жанкүйерлерімен кездесті.

Хиро Нарита «Еуразия-2018» кинофестивалі қысқа метр байқауының қазылар алқасының құрамына кіреді. Қоюшы-оператордың қоржынында «Жұлдызды жол 6: Ашық емес ел» фильмі (1991), «Табыттан жасалған байктер» телехикаясы (1989), «Қымбаттым, мен балаларды кішірейттім» (1989) және т.б. картиналар бар. Хиро Нарита – үздік операторлық жұмыс үшін АҚШ-тың ұлттық сыншылар жүлдесінің лауреаты атанған, «Эмми» жүлдесіне үш рет ұсынылған, Американдық кинооператорлар қоғамының және Кинематографиялық өнер мен ғылым академиясының мүшесі болып табылады.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

Кездесу барысында Хиро операторлық өнердің шеберліктерімен бөлісті.

«Қолымда қандай аппаратура, жарық пен линза болса да, маған бәрібір. Маңыздысы – алаңдағы дұрыс сезімді ұстап алу. Мен кинематографтағы техникамен ешқашан әуестенген емеспін. Барлығын әрдайым бір камерамен түсіруді жөн санадым. Сондай-ақ, маған бір дубль жеткілікті. Дегенмен, режиссер мен актерларға да байланысты. Мен отыз дубль жасап, 3-ші немесе 5-ші дубльдерді таңдаған режиссерлармен жұмыс істедім. Ал сен отырып: «Акерларды қинаудың не қажеті бар еді?» деген сұрақ қоясың. Сондықтан, мен үнемі 3-4 дубльді ұсынамын. Осының өзі жеткілікті. Алайда, оператор үшін сахнадағы эмоционалды ырғақты ұстап тұру маңызды. Егер сахна 30 секундтың ішінде 40 планды талап етсе, соны жасау керек. Айтқым келетіні, ешқандай да стилистикалық әдістер оқиғаны басқара алмайды, керісінше оқиға бейненің қандай болатынын шешеді», - деп кеңес берді американдық кинооператор.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

Сонымен қатар, Хиро Нарита қиынға соққан фильмдер, түсірілімдер жайлы айтып берді. Солардың ішінде «Жұлдызды жол 6: Ашық емес ел» де бар:

«Айқайлама, «Қасқырлар!» және «Ракеташы» картиналарын техника жағынан түсіру қиын болды. Ол кезде компьютерлі графика болмаған еді, барлығын таспада жасауға тура келді. Бірақ, сол жобалардан көп нәрсені үйрендім. Мен үшін түсірілім алаңына келу бір бақыт еді. «Жұлдызды жол» да мен үшін өте ауыр жоба болды. Фильмнің алдыңғы бөлімдері болған, сондықтан баяндау мен ұсынудың өзіндік бағыты қалыптасқан еді. Түсірілімге қатысты ұстанатын көптеген ережелердің болғаны есімде қалыпты. Мен тәжірибе жасауды ұнанатындықтан, өзімді әрең ұстадым. Бірақ, продюсерлер ылғи: «Хиро, қатты өзгертпе» деп, ескертіп тұрды».

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

Сөз соңында шетелдік маман сәнге ермей, фильм авторына ұнайтын киноны түсіруге кеңес берді.

Еске салсақ, алдыңғы жолы «Еуразия» аясында ресейлік режиссер әрі продюсер Анна Меликянмен шығармашылық кездесу өткен болатын.

 

Превью: eurasiafestival.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер