È

«Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы» айналымда көш бастап тұр

15-18 қараша аралығындағы кассалық жинақ

Сиқыр, ғажайып, күлкі және махаббат – осының барлығын қазақстандықтар өткен аптаның жаңа киноларынан таба алды. Ауқымды экранға «Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы», «Қорқыныштан есінен айырылғандар», «Қиян шетке: Бір мүйізді жануарды іздеу» картиналары шықты. Барлығынан оза шауып, көшбасшы атанған фильм қайсы және қалған картиналар қанша пайда тапты екен, осының барлығын біздің материалымыздан оқыңыздар.

Отандық айналымда 502 427 400 теңге кассасымен «Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы» фильмі көш бастап тұр. Картина Гарри Поттер жайлы фильмдер топтамасының приквелі болып табылады. Фантастикалық таспаның түсірілімі Франция мен Ұлыбританияда өтті.

«Богемдік рапсодия» 44 296 00 теңге жинап, бір сатыға төмен түсті. Фильм Queen Bohemian Rhapsody тобының әйгілі шығармасының құрметіне аталды. Live Aid концерттік сахнасы Брайан Сингердің бүкіл жұмысының ішіндегі ең ірі декорация болды.

«Богемдік рапсодия» фильмінен көрініс
«Богемдік рапсодия» фильмінен көрініс

«Репродукция» өткен демалыста 18 580 800 теңге жинады. Таспа түсіріліміне арнайы Biodyne ғылыми лабораториясы салынды. Триллер композиторы Марк Килиан болды, ол «Мінсіз дауыс» пен «Шанхай тасымалдаушысына» арнап, музыкалық тақырыптар шығарған еді.

«Кәсіпкерлер» жинағы 13 801 200 теңгені құрайды. Фильм сюжеті қайта құру кезеңі, 90-жылдарда өрбиді. Басты рөлді сомдаушылардың бірі Шәріп Серік бұрын Ақан Сатаев режиссерлік еткен «Аудандар» фильміне түскен.

«Смолфут» мультфильмі 10 076 300 теңге көлемінде пайда тапты. Картинаны монтаждаушы Питер Эттинджердің өзі Смолфуттың тілін ойлап тауып, ерекше дауысын өзі дыбыстады. Актриса Зендаи үшін бұл жоба 2018 жылғы екінші анимация болды, алғашқысы «Әке-ана қаз» еді.

«Смолфут» фильмінен көрініс
«Смолфут» фильмінен көрініс

«Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» кассаны 7 867 530 теңгеге толтырды. Фильм сценарийі 4 айдың ішінде жазылған. Шыңғыс хан рөлін Ерден Телемісов сомдады, ол басшыны мейірімді әрі сүйікті әке ретінде көрсетті.

«Өрмекші торына шырмалған қыз» өткен демалыста 6 696 146 теңге жинады. Клер Фой - Нуми Рапас пен Руни Марадан кейін Лисбет Саландер рөлін ойнаған үшінші актриса. Фильм түсірілімі Берлин мен Стокгольмде өткен.

«Оверлорд» авторлардың қалтасын тағы 6 679 600 теңгеге толтырды. Атыс-шабыс фильмі қатаң құпияда түсірілді, актерларға сценарий тек түсірілім алдында ғана берілді.

«Оверлорд» фильмінен көрініс
«Оверлорд» фильмінен көрініс

«Ұлы дала комедиясы» отандық картинасы бесінші аптада кірісін тағы 6 435 800 теңгеге арттырды. Сюжет әнші Төреғали Төреәлінің айналасында өрбиді. Ол таспада өзін ойнады.

Демалыстағы аутсайдерлер: «Қорқыныштан есінен айырылғандар» - 5 375 645 теңге, «Қорқыныштар 2: Мазасыз Хэллоуин» - 4 309 772 теңге, «Қиян шетке: Бір мүйізді жануарды іздеу» – 3 478 484 теңге.

 

Барлық фильмдердің кестесін афишадан таба аласыздар.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер