È

Фархат Абдраимов «Love you family» үнді фильміне түседі

Фархат Абдраимов  «Love you family» үнді фильміне түседі

Қазақстандық актер Фархат Абдраимов («Рэкетир 2: Возмездие», «Охота за призраком») «Love you family» үнді фильмінде ойнайды.

Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен «Love you family» үнді мелодрамасы түсірілуде. Картинаның өндірісімен Khushi Motion Pictures Болливуд компаниясы айналысып жатыр.

Фильм режиссеры - Сачиндра Шарма. Жоба хореографтары Салман Юсуф Кхан және Вишну Дева.

«Love you family» фильмінен кадр

Лентаның сюжеті Хуши Девани атты жас қыз жайлы, оның ата-анасы қыздарының Радж есімді жас жігітпен кездескеніне қарсы. Ғашықтар үйлерінен қашып кетіп, құпия түрде некелесуді ұйғарады. Хуши жүкті кезінде күйеуінен кетуге мәжбүр болады, тағдырдың жазуымен ол Алматыға келеді. Осы жерде кейіпкерді жаңа оқиғалар күтіп тұр, ол Қазақстанда махаббатын кезіктіруі де мүмкін.

«Қазақфильм» киностудиясының PR-директоры Дмитрий Шишкиннің хабарлауынша, Фархат Абдраимов бас кейіпкер Хушидің бастығының рөліне бекітілді.

Фильмге Үндістаннан Джоши Маной Наванет, Пардасани Акша Сунил, Салман Юсуф Кхан, Шакти Капур, Навни Парихар. Мано Джоши сынды актерлер қатысуда.

«Love you family» фильмінен кадр

«Love you family» фильмі Үндістанда, Таиландта түсірілді. Қазақстанда картинаның қорытынды бөлімі түсіріледі.

«Бізге Болливудтан үлкен команданың келуі күтпеген жағдай болды. Біз қонақтарымызға: «Қазақстанға және Алматыға қош келдіңіздер!» дейміз. олар Қазақстанда алты күн бойы фильм түсіреді, ал біз оларға барынша қолдау білдіруге тырысамыз», - деді «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Жұбандықов.

Өз кезегінде қонақтар Болливудтың Қазақстанға келгенін, енді Қазақстанның Болливудқа баруы керектігін айтты.

Превью:1mag.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер