È

Фархат Шәріпов «Эвакуация» хикаясының режиссерлігін қолға алмақ

Фархат Шәріпов «Эвакуация» хикаясының режиссерлігін қолға алмақ

Алматыда «Эвакуация» хикаясының түсіріліміне дайындық жүріп жатыр. Жобаның режиссері Фархат Шәріпов болмақ.

Хикая сюжеті 1941 жылы күзде өрбиді. КСРО басып алынған аймақтардағы адамдарды құтқару жоспарын жүзеге асыруға кіріседі. Наталья мен қызы Галя құрбандардың қатарында, олар суық пен аштыққа қарамастан, басқалармен бірге шығысқа қарай беттейді. Жол бойында теміржол бекеттерінің бірінде басты кейіпкер баласын жоғалтып алады. Жақсыдан үміттенген Наталья Галяны табу үшін Алматыға аттанды. Алайда, оны ол жақта жаңа қиындықтар күтеді.

Режиссердің айтуынша, олар эвакуацияланған адамдар арқылы сол ауыр кезеңдерді көрсетуге тырысқан. Түсірілім тобының мақсаты – өткен ғасырға сапар шегіп, адамдардың қиындықтармен қалай күрескенін түсіну.

Көпбөлімді фильмге Наталья Витмер, Виталий Багрянцев, Алтынай Нөгербек, Екатерина Балакши, Евдакия Бобрик және Иісбек Әбілмәжінов түсті.

«Ескі ғимараттар жоғалып бара жатыр, біздің қаламызда олар күннен-күнге азайюда. Бірінші Алматы жақтан біз ескі ДПО-ны тауып алдық, 1 қараша күні сол жерде түсірілім басталады», - деді «Эвакуацияның» қоюшы-суретшісі Сәбит Құрманбеков.

Еске салсақ, Фархат Шәріповтің «Көшбасшы болудың құпиялары» фильмі Пусан халықаралық кинофестиваліне қатысқан болатын.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер