È

«Көшбасшы болудың құпиялары» фильмі Busan International Film Festival-ге қатысуда

«Көшбасшы болудың құпиялары» фильмі Busan International Film Festival-ге қатысуда

Фархат Шәріповтің «Көшбасшы болудың құпиялары» фильмі 4-13 қазан аралығында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Халықаралық Пусан кинофестивалінің «Азия киносына назар салу» бағдарламасына енді. Картина Данияр Сүгірәлиновтың «Кірпіштер 2.0» романы бойынша «Қазақфильм» студиясында түсірілген.

«Көшбасшы болудың құпиялары» созылмалы күйзеліске түсіп кеткен банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Өзін тығырықтан алып шығу мақсатында, Қанат өзін-өзі жетілдіру курсына жазылады, сол жақта көшбасшылық қабілеттері дами бастайды. Бірақ, Қанат ескі досы Даниярды жолықтырғанда, барлығы шынымен өзгеріп сала береді. Дәл сол сәттен бастап, кейіпкердің өмірінде мықты өзгерістер басталады.

Кинотаспаға Дулыға Ақмолда, Гүлжамал Қазақбаева, Ержан Түсіпов және Филипп Волошин түсті.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Картина режиссері Фархат Шәріпов жұмысын Пусанда таныстырғанына қуанышты, сондай-ақ корей көрермендерінің тарапынан қолдау табатынына үмітті.

Busan International Film Festival – Азиядағы ең ірі әрі танымал кинофестивальдердің бірі. Мұнда корей кинематографының хит туындылары және бүкіл Азия режиссерларының картиналары көрсетіледі. Биыл фестивальге өз жобаларын 79 елден алып келген жас азиаттық режиссерлардың 324 жұмысы қатысуда. «Азия киносына назар салу» бағдарламасынан бөлек, кинофестиваль тағы төрт бөлімді ұсынды: «Бүгінгі корей киносы», «Жаңа ағымдар», «Әлемдік кино», «Ашық кино», сонымен қатар классикалық корей киносының көрсетілімі.

 

Данил Жигалин

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Алишер

5 қазан 2018, 21:09

Желаю удачи картине!

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер