È

«Сүйікті» британдық тәуелсіз кино жүлдесінде номинация жағынан алда келеді

«Сүйікті» британдық тәуелсіз кино жүлдесінде номинация жағынан алда келеді

Йоргос Лантимостың «Сүйікті» тарихи драмасы британдық тәуелсіз кино жүлдесінде (BIFA) номинация саны жағынан алда келеді. Бұл фильм 13 номинация бойынша жүлдеге үміткер, Барт Лэйтонның «Американдық жануарлар» қылмыстық драмасы 11 жүлде иеленуге ұсынылды. Линн Рэмсидің «Сен мұнда ешқашан болған емессің» триллері керемет келешегін көрсетіп, 8 номинация бойынша жүлде иеленуге ұсынылды.

Бұл жыл әйелдерді түрлі номинацияларда BIFA жүлдесіне ұсынуда рекордты (40%-тен аса жағдай) болды. Оливия Колман «Сүйіктіде» Анна патшайымның рөлі үшін үздік актриса ретінде ұсынылды, ал сонымен жобада бірге ойнаған Рэйчел Вайс пен Эмма Стоун екінші қатардағы үздік актрисалар ретінде көзге түсті. Бір қызығы, Рэйчел Вайс та режиссер Себастьян Лелионың «Бағынбау» таспасында үздік әйел рөлі үшін BIFA жүлдесіне үміткер болды.

Сонымен қатар, «Сүйікті» техникалық категорияда әсерлі санда (9-дан 7) ұсынылды. Лантимос жұмысы «Американдық жануарлар», «Бой ұсынбау», «Сен мұнда ешқашан болған емессің» және Майкл Пирстің «Аң» картиналарымен қатар үздік фильм атауына ұсынылып отыр. BIFA-ның салтанатты табыстау шарасы Лондонда 2 желтоқсанда өтеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса